казакша русский
Сенім телефоны:
8-(7212) 41-17-50






  ТЖ министрлігі Қарағанды облысының әкімдігі

ҚР ТЖМ
ТЖД
ТЖМ бөлімшелері
Тірі қалу әліппесі
Нормативтік құжаттар
Өрт сөндіру-техникалық орталық
Шұғыл хабар
Балалар өртке қарсы
Суретгалереясы
Шығармашылық
Виртуалды Кабылдау орны
 

Біздің батырларымыз


Естелік кітабы


Почта:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті
dchs_krg@mail.ru

“Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша - fgu@fireman.kz



Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25
ТЖД қызметі



Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің қызметін қамтамасыз ету және одан әрі дамыту, өрттердің алдын алу мен сөндіруді ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын аумақтық орган болып табылады.


Департаменттің мынадай ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері (одан әрі - ММ) бар:
  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қарағанды қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы.
  2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы.
  3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы.
  4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Шахтинск қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі.
  5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Сарани қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі.
  6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Сәтпаев қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі.
  7. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қаражал қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі.
  8. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Приозерск қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі.
  9. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақтоғай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
  10. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
  11. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Бұқар жырау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
  12. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жаңаарқа ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
  13. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қарқаралы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
  14. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Нұра ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
  15. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Осакаровск ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
  16. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ұлытау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
  17. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Шет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
  18. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі.

Жедел бағынысты:

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды жедел құтқару жасағы.
  2. «Қарағанды станциясы темір жол ауруханасы» - медициналық көлік қызметі акционерлік қоғамының Қарағанды филиалы.
  3. «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы.
  4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның «Көмір» әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі филиалы.
  5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Балқаш әскерилендірілген авариялық құтқару жасағы филиалы.
  6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Жезқазған әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалы.
  7. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Қаражал әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы филиалы.
  8. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Өнеркәсіптік қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының «Тау-кен өнеркәсібінде қауіпсіз жұмыс жөніндегі Қазақ Мемлекеттік ғылыми зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорыны.
  9. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Өнеркәсіптік қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының «қара металлургия кәсіпорыны үшін техникалық қауіпсіздік жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорыны.
  10. «Қазақстан Республикасы тау-кен құтқару ғылыми-инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
  1. Департамент өзінің қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісіндегі заңды тұлға болып табылады, мөрі және мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоты бар.
  3. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан мемлекеттің атынан түсуге құқығы бар, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілдік берілсе.
  5. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделген шешім қабылдайды
  6. Департаменттің құрылымы мен шекті штат санын Министр бекітеді.
  7. Департаменттің заңды мекен-жайы: 100027, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Мұстафин көшесі, 4.
  8. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысның Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі.
  9. Осы Ереже Департаменттің құрылтайшы құжаты болып табылады.
  10. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
  11. Департаментке Департаменттің функциясы болып табылатын міндеттерді орындауда кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Департаментке заңнамалық актілермен қызметі кіріс әкелуді жүзеге асыратын құқық берілсе, ондай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Департаменттің негізгі міндеттері мен функциялары

13. Департаменттің негізгі міндеттері: Қарағанды облысында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау, Азмататтық қорғаныстың іс-шараларын орындау, салааралық үйлестіру, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің қызметін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

14. Департамент қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды:
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, апаттық медицина қызметтері бойынша міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеу жөнінде Министрлікке ұсыныс енгізу;
Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша халықты, Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамаларының, бастықтарын дайындау бағдарламасын әзірлеу жөнінде Министрлікке ұсыныс енгізу;
төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік сараптамаға басшылық;
төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік есеп жүргізу;
өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік есеп жүргізу;
қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу;
өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына тағайындалған әскери міндеттілерге және белгіленген тәртіппен әскери есептен алынғандарға арнайы есеп жүргізу;
төтенше жағдайларды жоюға басшылықты жүзеге асру;
Азаматтық қорғаныс күштерінің қатысуымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, оның қарамағындағы байқау, жағдайды бақылау және болжау, төтенше жағдайлар бойынша автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйелеріне басшылық;
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі күштер мен құралдардың қолдануға әзірлігін дайындау және қолдау;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы лауазымды адамдар мен мамандарды, халықты оқытып-үйретуді ұйымдастыру және білімді насихаттау;
төтенше жағдайларда қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану және іс-қимыл жасау кезінде халықты және ұйымдардың басшыларын қорғану әдістеріне оқытып-үйрету;
Азаматтық қорғанысқа тікелей басшылық;
авариялық-құтқару жұмыстарын және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде Азаматтық қорғаныстың кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының аумақтық бөлімшелеріне, Апаттық медицина орталықтарына басшылық;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестіру;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері туралы ережелер бекітілсін;
Азаматтық қорғаныстың бейбіт және соғыс уақытына жоспары әзірленсін;
жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, сондай-ақ халықтың орындауы міндетті Азаматтық қорғанысты дайындау және енгізу мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде шешім қабылдау, әзірлеу;
ведомстволық бағынысты ұйымдардың жеке құрамын, Азаматтық қорғаныстың ұйымдары мен құрамаларының басшыларын, халықты азаматтық қорғаныс бойынша дайындауды ұйымдастыру;
басқару органдары мен Азаматтық қорғаныс күштерін дайындауды ұйымдастыру;
Азаматтық қорғаныстың, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мүддесі үшін техникаға, қорғану құралдарына және басқа да материалдық-техникалық құралдардың қажеттілігін айқындау;
Азаматтық қорғаныстың жай-күйі, халықты, аумақты және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлардан қорғау туралы баяндамалар дайындау және Министрліктің қарауына енгізу;
төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге, техникалық регламенттерге және әдістемелік нұсқамаларға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Министрлікке және оның ведомстволарына ұсыныс енгізу;
Департаменттің бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесін басқару;
Мемлекеттік органдарды, халықты және ұйымдарды төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар, қажетті қауіпсіздік туралы хабарлар етуді ұйымдастыру;
халыққа хабарлау және байланыс жүйелерін тезарада пайдаланудың ұдайы әзірлігін, оларды жарақтандыру және дамытуды қамтамасыз ету;
мониторинг жүйесін ұйымдастыру, техногендік авариялар, ықтимал су тасқыны, сел жүру, сырғыма және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстар туралы халықты және шаруашылық ету субъектілерін хабарлау;
меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық ұйымдардағы қауіпті өндірістік объектілерде төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік өрттік бақылауды жүзеге асыру;
өртке қарсы күресте олардың ведомстволық бағыныстылығына қарамастан елді мекендерде және объектілерде өрт бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындарда және тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
қауіпті өндірістік объектілердегі ғимараттарға, құрылыстарға, техникалық құрылғыларға, материалдарға техникалық куәландыру жүргізуді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге ұйымдардың әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объекті иелерінің қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объекті иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу бойынша міндетті орындауына және олардың заңнамада белгіленген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
өндірістік бақылаудың тиімділігін, ұйымдардың аварияларды және олардың салдарларын жоюға әзірлігін, қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың салдарларын оқшаулау және оны жою бойынша жұмыстарды бақылау;
егер өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелеріне сәйкес әзірленген аварияларды жою жоспарында өзгеше тәртіп көзделмесе, қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды таратпау және жою бойынша жұмыстарды бақылау;
ел қоныстанған аумақтарда, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілерде және мемлекеттік меншіктегі тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде өртті сөндіру және қорғау жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;
меншік нысанына қарамастан авариялық құтқару қызметі және құрамаларының қызметін үйлестіру;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты, елді мекендерді және шаруашылық ету объектілерін қорғау бойынша перспективалы және ағымдағы жоспарлар мен оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеу;
өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялар, зілзала мен апаттарды тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;
судан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
өртті табу және сөндірудің автоматтандырылған құралдарын енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
ізгілік акцияларды дайындауға, өткізуге қатысу және ұйымдастыру;
өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингін жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде жеке немесе заңды тұлғаның қызметін ішінара немесе толық тоқтату немесе тыйым салу туралы талап арыздарды жасау және оны сотқа жіберу;
мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің құрамында бар материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа да ресурстар запастарын пайдалану туралы Министрлікке ұсыныстар енгізу;
меншік нысанына қарамастан өртке қарсы қызмет жұмысын ұйымдастыру;
қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіруге қойылатын негізгі талаптарды белгілеу, ұйымдар құрамындағы объектілерді қауіпті өндірістік объектілер санатына жатқызу;
өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісін жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде өрт жөнінде анықтауды жүзеге асыру;
құрылысы аяқталған кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды және жеке қондырғыларды пайдалануға қабылдау өртке қарсы қызмет нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкестікке келтіру бойынша жұмыс және мемлекеттік комиссиялар жұмысына қатысу;
лицензиярлардың сұратулары бойынша қойылатын талаптарға лицензиаттың сәйкестігі туралы зерттеу жүргізу және қорытынды беру;
тау-кен жұмыстарын дамытудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын ұйымдарда келісу;
салынып жатқан объектілердің олардың жобалау-сметалық құжаттамасына және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеру;
азаматтарға, мемлекеттік ұйымдардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және өртті болдырмау бойынша іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдар беру;
мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және азаматтарға міндетті күші бар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою нұсқамасын беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтату, субъектілердің өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асырған, сондай-ақ ұйымды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, қайта жаңғырту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған кезде ғимараттар мен құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салу;
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қауіпті өндіріс объектісінде авариялық қаупі бар қызметті тоқтата тұру;
адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақауы бар техникалық құрылғыларды, процестерді пайдалануға, өндірісті тоқтата тұруға, тоқтатуға байланысты жағдайларды қоспағанда, бұл бұзушылықтарды жойғанға дейінгі кезеңге тыйым салу.

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

15. Департаментті Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.
Департамент бастығының ұсынымы бойынша Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Департамент бастығының орынбасарлары болады.
16. Департамент бастығы дара басшылық негізінде басшылықты жүзеге асырады және жүктелген міндеттерді орындауға, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы функцияларды жүзеге асыру үшін дербес жауаптылықта болады.
17. Бақылау функцияларын жүзеге асыратын Департамент бастығы, бастықтың орынбасарлары Министрліктің орталық аппараты мен ведомстволарына қызметі жағынан есеп береді және бақылауында болады.
Департамент бастығы бас мемлекеттік инспектор – басшы болып табылады, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыратын Департамент бастығының орынбасарлары – бас мемлекеттік инспектордың орынбасарлары – басшының орынбасарлары, болып табылады, тиісті басқармалар мен бөлімдердің мамандары мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
18. Департамент бастығы:
  1. Департамент қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
  2. заңнамада көзделген шегінде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
  3. өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
  4. Департаментті өз өкілеттігі шегінде Министрлікте, барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда танытады;
  5. ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастырады және өткізілген ішкі аудит туралы есепті бекітеді;
  6. Министрге Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомствалық наградалармен марапаттау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының орта және басшы құрамына мерзімінен бұрын құрмет атақтарын, әскери және арнайы атақтарды немесе жұмыс істеп отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтардан бір дәрежеге жоғары арнайы атақ беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  7. өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, сондай-ақ Департамент қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;
  8. бірыңғай кадр саясатын жүргізеді;
  9. Министр құрған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
  10. Департамент қызметінің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
  11. Департаменттің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссия лары қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
  12. Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алулар өткізуді ұйымдастырады;
  13. еңбек қатынасы мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  14. облыстар ішінде іссапарға шығу, демалыстар беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді; Облыстар және Қазақстан Республикасының шегінде іссапарларға шығу Министрлікпен келісу бойынша жүзеге асырылады;
  15. Департамент бастығының орынбасарын қоспағанда Департамент қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
  16. Департамент жұмысының жыл сайынғы жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрдің бекітуіне ұсынады;
  17. Департамент қызметкерлерінің, оның отбасы мүшелері мен зейнеткерлердің медициналық, санаториялық-курорттық, сауықтыру, тұрғын үй, қызметтік-шаруашылық және тұрмыстық жағдайларын әлеуметтік дамыту, жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
  18. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
  19. Департаментке жедел бағынысты ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындауды және босатуды келіседі.
  20. мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кіші басшы құрамының адамдарына өртке қарсы қызмет майорына дейін кезекті арнайы атағын береді.
  21. орта және аға басшы құрамға бірінші және кезекті арнайы атағын беруге және мемлекеттік өртке қарсы органдарының кадрына қабылдауға ұсынымхатты Министрлікке енгізеді;
  22. құрылымдық бөлімшелер туралы ережені, Департамент қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін және ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ережені бекітеді;
  23. оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

19. Департаментте Департамент бастығының жанынан консультативтік-кеңестік орган болып табылатын үйлестіру кеңесі құрылады, олардың құрамында бастық, бастықтың орынбасарлары, Департаменттің жедел бағыныстылығында тұрған құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарының басшылары болады. Кеңестің сандық құрамын және ол туралы ережені Министр бекіткен үлгі ереже негізінде Департаменттің бастығы бекітеді.

4. Департаменттің мүлкі

20. Департаменттің оқшауланған мүлікті жедел басқаруға құқығы бар. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады, және негізгі қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Департаменттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады.
      21. Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      22. Департамент егер заңмен өзгеше белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған өзіне бекітіп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Департаменттің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

23. Департаменттің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


 




Қарағанды облысының ТЖД
Сайт мәліметтерін қолданғанда дерекке сүйену міндетті


Карта сайта Контакты Главная