Естелік кітабі

Өрт сөндірушілер - ерлік туралы ойламайтын, бірақ оны әр күн, әр сағат сайын жасайтын нағыз сарбаздар.

АБИЛЬДИНОВ РУСЛАН КАРИМОВИЧ
Ішкі қызмет сержанты, Жезқазған қ. 42-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі. 1976 жылдың 10 желтоқсанда туған. Өртке қарсы қызмет органдарында 1999 жылғы 27 мамырдан жұмыс істеді. 2004 ж. 14 қыркүйекте «биіктікке көтеріліп қойылған, қайысты (тетива) автобаспалдақпен жоғары көтерілуден» өрт сөндірушілердің сапта жүру дайындығы (ӨССЖД) нормативін өтеу кезінде 12 метр биіктіктен құтқару жеңімен түсіп келе жатқанда құлап кетті.

Батырлардың даңқы мәнгі жасасын!