| Өрт сөндірушілер - ерлік туралы ойламайтын, бірақ оны әр күн, әр сағат сайын жасайтын нағыз сарбаздар. |
| БЕЛОВ ИГОРЬ ПЕТРОВИЧ | |
![]() |
Ішкі қызмет аға сержанты, Қарағанды қ. 15-ші өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі. 1965 жылы 30 мамырда туған. Өртке қарсы қызмет органдарында 1993 жылдың 10 қыркүйегінен бастап жұмыс істеді. 1997ж. 3 қыркүйекте Қарағанды қаласының Трамвайный көшесіндегі №52 тұрғын үйдегі өртті сөндіру барысында өрттің қатты және тез таралуы нәтижесінде электрлік беріліс жолының тірегі жанып құлады. Өрт ошағының жанында оқпанмен жұмыс істеу кезінде су ағыны арқылы электр тоғынан өліп кетті. |
| Батырлардың даңқы мәнгі жасасын! |