 |
Ішкі қызмет капитаны, Теміртау қ. Әскери өрт сөндіру күзетінің 2-ші әскери өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы. 1926 жылдың 10 желтоқсанында туған. Өртке қарсы қызмет органдарында 1962 жылдың қазанынан бастап жұмыс істеді.
1968ж. 21 қыркүйекте Теміртау қаласында Қарағанды тас жолы бойындағы №28/1 тұрғын үйдің астындағы бөлмедегі өртті сөндіру барысында “Орал-1” аппаратында түтін басқан үйдің астындағы бөлмеде оқпанмен жұмыс істегенде естен танып қалды, ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. |