 |
Ішкі қызмет сержанты, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша филиалының Мамандандырылған отрядының аға өрт сөндіруші-құтқарушысы. 1978 жылдың 6 қарашасында туған. Өртке қарсы қызмет органдарында 2004 жылғы 12 қарашадан жұмыс істеді. 2007 жылғы 26 шілдеде Қарағанды қ. Гапеев көшесі, 12 пәтердегі өрт орнын тексеру кезінде пәтерде от тез әрі қарқынды жайылып, шығатын жолды жауып тастаған. Новиков А.М. ауыр жарақат алып, сол жерде қайтыс болған. |