
 |
Ішкі қызмет капитаны, Қарағанды қ. Өрт сөндірудің кезекші қызметінің өрт сөндіру жетекшісінің аға көмекшісі. 1966 жылы 17 қаңтарда туған. Өртке қарсы қызмет органдарында 1983 жылдың 1 қазанынан бастап жұмыс істеді. 1998ж. 20 ақпанда түнде Қарағанды қаласындағы "Каргормаш" ЖТАҚ әкімшілік ғимаратындағы өртті сөндіру барысында күрделі ауа райы жағдайында (-280С), қатты желде және жеке құрамының жетіспеушілігінен жанып жатқан ғимараттың мұз басқан шатырында - ең қауіпті бөлігінде басшылық етті. Жауынгерлік міндетті орындау барысында ғимараттың төбесінен құлап кетті.
Қызметтік міндетін үлгілі орындағандығы үшін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қорғаныс қабілетін және елдің қауіпсіздігін нығайтуда көрсеткен ерлігі және жанқиярлығы үшін 12.10.1998ж. ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен өлгеннен кейін наградталды. |