қазақша русский
Сенім телефоны:
8-(7212) 41-17-50






  ТЖ министрлігі Қарағанды облысының әкімдігі

ҚР ТЖМ
ТЖД
ТЖМ бөлімшелері
Тірі қалу әліппесі
Нормативтік құжаттар
Өрт сөндіру-техникалық орталық
Шұғыл хабар
Балалар өртке қарсы
Суретгалереясы
Шығармашылық
Виртуалды Кабылдау орны
 

Біздің батырларымыз


Естелік кітабы


Почта:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті
dchs_krg@mail.ru

“Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша - fgu@fireman.kz



Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25
ТЖД ЖҚЖ Құрылу тарихы және қызметі туралы қысқаша мәлімет


«ҚР ТЖМ Қарағанды қаласының Жедел құтқару жасағы» ММ

Қарағанды қаласында «ҚР ТЖМ Қарағанды қаласының Жедел құтқару жасағы» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы №53 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» қаулысымен «Қарағанды қ. Әкімінің жанындағы жедел ден қою қызметі» КМҚК базасында құрылған.

Жасақ ең тиімді, басқа елдердің құтқару құрамаларының тәжірибесімен және уақытпен тексерілген, жедел жұмысты ұйымдастыру сұлбасымен құрылған. Жедел құтқару жасағы құралады:

1. Басшы құрам:

  • жасақтың басшысы;
  • жасақ басшысының орынбасары;
  • жедел жұмысы бойынша жасақ орынбасарының м.у.а.

Әкімшілік:

  • жасақтың бас бухгалтері;
  • кадр бөлімінің бас маманы.

Іздестіру құтқару бөлімшесі:

  • құтқару бөлімшелерінің басшысы және құтқарушылардың төрт бөлімшесі, олар:
  • бөлімшенің бас құтқарушысы 1 адам;
  • біліктілігі жоғары деңгейлі маман - құтқарушы 3 адам;
  • біліктілігі жоғары деңгейлі маман – құтқарушы (диспетчер) 1 адам.

4. Жасақтың мамандары:

  • бас маман құтқарушы – дәрігер 1 адам;
  • бас маман құтқарушы – механик 1 адам;
  • бас маман құтқарушы – кинолог 1 адам;
  • бас маман құтқарушы – сүңгуір 1 адам;
  • үйлестіру-диспетчерлік қызметі басшысының м.у.а. 1 адам.

Қазіргі кезде жасақтың жалпы штаттық саны 32 адамды құрайды, оның ішінде 31 құтқарушы. Кадрларды іріктеп жинақтау «Авариялық-құтқару қызметтері және құтқарушылардың беделі туралы» ҚР Заңына, «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңына және ТЖ министрінің 13.04.2006ж. бұйрығына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жасақ үнемі тәулік бойы күзекшілік етеді және табиғи, техногендік және тұрмыстық сипаттағы әр түрлі авариялық-құтқару жұмыстарын орындай отырып, оқиғаларға үнемі ден қоюды жүзеге асырады.

Жасақтың жауапты аймағы – Қарағанды облысының аумағы, ол Қазақстанның орталығында орналасқан, жалпы көлемі 428 мың. км және Республикамыздың 14 облысының 9-мен шекаралас. Тұрғындар саны – 1331,2 мың адам. Облыс құрамына 9 қала және 9 селолық аудан кіреді.

Оқиғалар туралы қоңыраулар мен хабарлар тәулік бойы жұмыс істейтін 051 - жедел нөміріне түседі. Түскен ақпаратты жасақтың диспетчерлері қабылдап өңдейді.

Әр түрлі ауырлық деңгейдегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дайындықтан өткен жасақтың жеке құрамының құтқарушы және 3-ші, 2-ші сыныптағы құтқарушы біліктілігі бар.

Жасақ қойылған міндеттерді орындау үшін: жедел-құтқару автокөліктерімен; гидравликалық авариялық-құтқару аспаптарының жиынтығымен, химиялық қорғау құралдарымен, әр түрлі электр құрал-саймандарымен және инженерлік жабдықтармен, альпинистік жабдықтармен және т.б. жабдықталған.

ЖҚЖ үш жыл қызмет көрсету уақытында 1178 рет жедел шақыруға шыққан, 649 адам құтқарылған (олардың ішінде 194 бала), ТЖ аймағынан 2617 адам эвакуацияланған, 143 қайтыс болған адам шығарылды (олардың 3 бала).

Құтқарушылар шақыруға жедел ден қоюдан басқа, әрдайым жауынгерлік дайындықта болып, өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруде және шеберлік деңгейлерін жоғарылатуда. Кәсіби шеберлігін жетілдіру, ТЖ жедел ден қою дайындығын жоғарылату бойынша жұмыс Қарағанды облысының ТЖМ құрылымдық бөлімшелерімен және авариялық-құтқару құрамаларымен өзара әрекеттестік жопарына сәйкес, құтқарушыларды оқыту бағдарламалары және оқыту жоспары бойынша өткізіледі.

ЖҚЖ базасында жыл сайын Қарағанды политехникалық колледжінің студенттері колледжде алған теориялық білімін практикада қолдану мүмкіндігімен диплом алдындағы практикадан өтеді.

Қарағанды қ. ЖҚЖ Қарағанды облысында және одан тыс жерлерде өткізілетін жарыстарға, көрнекі орындауларға, іс-шараларға үнемі қатысады.

Жасақтың құрамында тікелей жедел топтан басқа, автокөлік, медицина, сүңгуір және кинологиялық бөлімшелер өздерінің жұмыстарын атқаруда.

Сүңгуір бөлімшесінің құрамына Алматы қ. ҚР ТЖМ РЖҚЖ базасында сүңгуір мектебінде оқыту және дайындық курсынан өткен және «3 сыныптың I - II топтағы мамандану сүңгуірі» біліктілігін алған маман кіреді. Бөлімше суда жедел құтқару операцияларын, суаттарда өзін-өзі ұстау нормалары туралы тұрғындармен алдын алу жұмыстарын орындау үшін арналған.

Медицина бөлімшесінде кезекші ауысым құрамында жедел шақыруларға шығатын реанимотолог – дәрігер бар. Бөлімше өкпені жасанды желдету аппаратымен, «Дитерихса» және «Крамера» шиналарымен, сонымен қатар аяқ-қолдарын, кеуде және бел бөліктерін иммобилизациялауға арналған пневмошиналармен, зардап шеккендерді эвакуациялау үшін тасымалдағыш зембілдермен, дәрігер сөмкесімен және кезекші ауысымның медицина сөмкесімен жабдықталған. Ірі масштабты ТЖ болған кезде зардап шеккен 100 адамға көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер қоры бар.

Кинологиялық бөлімшенің құрамына бір іздестіру-құтқару тобы кіреді. ЖҚЖ аумағында жаттықтыру алаңы және спорт жабдықтары бар кинодром құрылған.



Қарағанды облысының ТЖД
Сайт мәліметтерін қолданғанда дерекке сүйену міндетті


Карта сайта Контакты Главная