қазақша русский
Сенім телефоны:
8-(7212) 41-17-50






  ТЖ министрлігі Қарағанды облысының әкімдігі

ҚР ТЖМ
ТЖД
ТЖМ бөлімшелері
Тірі қалу әліппесі
Нормативтік құжаттар
Өрт сөндіру-техникалық орталық
Шұғыл хабар
Балалар өртке қарсы
Суретгалереясы
Шығармашылық
Виртуалды Кабылдау орны
 

Біздің батырларымыз


Естелік кітабы


Почта:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті
dchs_krg@mail.ru

“Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша - fgu@fireman.kz



Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25
Құрылу тарихы және қызметі туралы қысқаша мәлімет


52859 әскери бөлімін подполковник ДАНИЛОВИЧ Василий Макарович Қарағанды облысының Солоничка кентінде 1967 жылы 8 мамырда құрған. КСРО Азаматтық қорғанысы Волга маңындағы әскери округтің офицерлік құрамы, сержанттары, сарбаздары, техникасы мен қару-жарақтары полктің негізін құрады. Полк 1968 жылы ақпан айында Қарағанды облысының Азаматтық қорғаныс штабы бастығының бағынысынан шығарылып, Азаматтық қорғаныс бойынша Түркістан Қызыл ту әскери округі әскері басшысының көмекшісіне бағындырылған. 1973 жылы Қарағанды қаласына көшірілген. 1974 жылғы 28 шілдеде полкке Жауынгерлік ту тапсырылды. 1986 жылы 8 мамырда полк базасында инженерлік-техникалық батальон құрылған, ол Чернобыль АЭС авариялардың салдарын жоюға қатысады.

1989 жылдың маусым айынан бастап 1992 жылдың мамыр айына дейін полк Орта Азия әскери округіне қайта бағындырылған. 1992 жылы мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуына байланысты 52859 әскери бөлімі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің бағынышына берілді. Полк 1996 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің бағынышына ауысты. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі 2004 жылы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі болып қайта құрылған.

1997 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен полктің Жауынгерлік туы тапсырылды.

Әскери бөлімнің негізгі мақсаттары:
Құтқару жұмыстарын жүргізуге жеке құрамды жан-жақты дайындау және аттестациядан өткізуді ұйымдастырады;
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккен тұрғындардың тіршілік әрекетін қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсетеді;
ҚР сәйкес келісімі бар шет мемлекеттерде ТЖ орын алған жағдайда құтқару жұмыстарына қатысады;
Ізгілік көмегі ретінде ТЖ аймағында тасымалданатын жүктерді күзетеді;
Жұмылдырып қанат жаюға дайындау және жауынгерлік дайындықты жоғары деңгейге келтіру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
АҚ бөлімдерінің қанат жаю және құтқару және басқада жұмыстарды жүргізу үшін қару-жарақтарды, техниканы және т.б. материалдық құралдарды жинақтау, сақтау және дер кезінде жаңарту ;
зақымдану ошағында және жұғу аймақтарында радиациялық, химиялық барлау жүргізеді;
зақымдану ошағында және қатты су басқан аймақтарда ЖжБШЖ өткізу;
тұрғындардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету объектілерін қалпына келтіру бойынша жұмыстарға қатысады, аэродромдарды, жолдарды, өткелдерді, тыл инфрақұрылымының басқада элементтерін қалпына келтірумен байланысты аумақтық қорғаныстың басқада міндеттерін орындайды.



Қарағанды облысының ТЖД
Сайт мәліметтерін қолданғанда дерекке сүйену міндетті


Карта сайта Контакты Главная