Қарағанды өрт сөндіру күзетінің тарихы

Қарағанды өрт сөндіру күзетінің тарихы 1925 жылы өрт сөндіру арбалы керуенінің пайда болуынан басталады. 1931 жылы Қарағанды көмір бассейнінің құрылысына байланысты “Карагандастройуголь” трестінің бірінші ведомстволық өрт сөндіру командасы ұйымдастырылған. 26 кісіден тұратын жеке құрам, өрт сөндіретін қол насосы және алты көлік жылқысы бар үш жылқы-бөшкелік жүріс – сол уақыттын нақты мүмкіндігі. Бірінші өрт сөндіру командасының бастығы Шумилов И.П. революцияға қатысқан, үлкен ұйымдастырушылық қабілетке ие, жігерлі де сауатты, беделді адам болған.
1934 жылы командаға бірінші өрт сөндіру автомобилі АМО-3 берілді. Соңғы жылқы-бөшкелік жүріс Қарағанды өрт сөндіру командаларынан тек 1946 жылы алынды.
1932 жылдан 1939 жылға дейін мемлекеттік қауіпсіздік аға сержанты Скоробогатько Никита Евсеевич облыс қалаларындағы және елді мекендеріндегі өрт қауіпсіздігі бойынша сұрақтарды шешкен. Ол 1925 жылы Қызылорда қаласындағы Қаз.АССР ПӨСК БСББ алты айлық курстарын бітірген. Басында Скоробогатько Н.Е. облыстың ОГПУ бастығының көмекшісі қызметін атқарған, содан кейін облыстың ІІХКБ өрт сөндіру күзетінің аға инспекторы болған. Айтпақшы, 1936 жылға дейін Қарағанды облысының орталығы Петропавл қаласы болған.
1938 жылы облыстың ІІХК аудандық бөлімдерінің штаттарына аудандық өрт сөндіру инспекторлары енгізілген, олар профилактикалық жұмыспен қатар құрылған ерікті өрт сөндірушілер дружиналарының күшімен ауылдарда пайда болған өрттерді сөндіруді ұйымдастырады. Инспекторларға жылқы және бір атты арба бекітіп берілген. Осындай көліктермен олар өзара ара қашықтығы 60-100 километр колхоз, совхоз және комендатураларға қызмет ететін. Аудандық өрт сөндіру инспекторларының міндеттерін 3-4 сынып білімі бар, Қызыл Армия қатарында қызмет еткен адамдар орындайтын. Осындай қысқа мерзімді курстарын бітірген сауаттылығы төмен адамдар іске адал көңіл бөліп тек объектілердің өрт-техникалық тексерістерін өткізіп қана қоймай, сонымен қатар олар өрттерді тергеумен айналысқан, солар бойынша қылмыстық іс қозғаған, осы істер бойынша куәлардың сұрауынан бастап айып қоюға дейін барлық процессуалдық әрекеттерді орындаған.
1940 жылдан бастап өртке қарсы қызметті Ленинград ӘӨСК мектебінің бітірушісі техник-лейтенант Дорохин В.М. басқарды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің елдің мыңдаған өрт сөндірушілері қолға қару ұстап, майдандарда шайқасқан, он мыңдаған адамдар тылда жан қиярлықпен жұмыс істеген.
Сол қатыгез жылдарда Қарағанды облысының өрт сөндірушілері ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысы жылдарында 32 мыңдай өрт сөндіру күзетінің қызметкерлері үкімет наградаларымен марапатталған, олар ішінде Цымбал Василий Васильевич, Марыкин Александр Романович, Любимов Георгий Афанасьевич, Күсенов Сабырғали Күсенұлы, Дубинин Владимир Михайлович, Рыбак Александр Корнилович, Садықов Азол Садықұлы, Ходяков Дмитрий Мартынович, Муравьев Тимофей Иванович, және тағыда басқа Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлері. Осы күнге дейін өртке қарсы қызметте жұмысын жалғастырып жатқан ҰОС қатысушылар бар, ол 1926 жылы туған, әскери қызметін 1944 жылдан бастаған отставкадағы старшина Ахметжанов Өтеғали. Ол 1950 жылы әскерден қайтқаннан кейін Алматы қаласының өрт сөндіру күзетіне қызметке келді, 1952 жылы Қарағанды облысының өрт сөндіру күзеті бөлімінің қарамағына қызметке жіберілді. Ахметжанов Сапарғали өрт сөндіру сынау зертханасының аға шеберінің қызметінде 1983 жылы қызметті аяқтап, құрмет демалысына шықты. Бірақ жігерлі және еңбексүйгіш адам болғандықтан, ол өрт сөндіру күзетінде ерікті жалданып істеуге ықыласын білдіріп, қазіргі уақытқа дейін өзінің кәсіптік және өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізіп жұмыс істеп жүр. Сондай-ақ, облыстың өртке қарсы қызметінде еңбегі сіңген ардагер, Ұлы Отан соғысына қатысушы Ильинский Алексей Федорович жұмысын жалғастырып жатыр.
1943 жылы Қарағанды облысы бойынша ІІХКБ ӨСКБ бастығы болып капитан Гачков Василий Анисимович тағайындалған. Ол 1957 жылға дейін жұмыс істеген, Көкшетау облысының ІІБ ӨСКБ бастығы ішкі қызмет полковнигі болып қызметін аяқтады. КСРО Министрлер Кеңесінің өкіміне сәйкес 1951 жылы жарылуға қауіпті объектіні (Қарағанды синтетикалық каучук заводы) күзету бойынша №7 әскери-өрт сөндіру бөлімі ұйымдастырылған.
1952 жылы экономиканың қарқындап өсуіне байланысты Қарағанды қаласының өрт сөндіру күзеті әскериленген. 3 жеке әскери-өрт сөндіру командасы құрылды (ӘӨСБК – 1 бастығы – Юрченко Г.П.; ӘӨСБК – 2 Ескі қала – Габбасов; ӘӨСБК –3 Жаңа қала - Дуплянкин Г.Н.).
Осы бөлімдерді ұйымдастыру үшін 1952 жылы Алматыдан Ильинский А.Ф., Ахметжанов У.А., Кожевников А.П. және т.б., Оралдан Күсенов С.К., Гурьевтен Малянов Г.М., Полторабатько А.И. келді. Әскери бөлімінен Шишкин В.П., Даниленко В.П., Острешко В.С., Гусев И.А. және т.б. келді.
1956-1958 жылдарда осы бөлімдер Қарағанды қаласының ӘӨСК отрядына біріктірілді, оған ҰОС қатысушы майор Забора Василий Михайлович басшылық етті.
1957 жылы облыс ІІБ ӨСКБ Бакин гарнизонының өрт сөндіру күзетінен келген ішкі істер майоры Дмитриев Владимир Федорович басшылық етті. Оның басшылық еткен кезінде Қарағанды, Балхаш, Жезқазған қалаларында № 7, 5, 15-ші ӨСБ өрт сөндіру депосының ғимараттары салынды. Аудан орталықтарында кәсіптік өрт сөндіру бөлімдері ұйымдастырылды және өрт сөндіру деполарының шағын ғимараттары салынған. Барлық қалаларда, аудан орталықтарында үлкен көлемді өртке қарсы жұмыстарды орындауды ұйымдастырған ерікті өрт сөндірушілер дружиналары құрылған. 1953 жылға қарай облыстық ерікті өрт сөндірушілер қоғымын Грезин Павел Степанович басқарды. Ерікті өрт сөндірушілер қоғамының қаражатынан бірталай қаржылар өртке қарсы үгіт-насихат жұмысына, өрт сөндіру бөлімдерін ұстауға және ерікті өрт сөндірушілер дружиналарын нығайтуға бөлінді.
1961 жылы Қазақстанның ауыр индустриясының флагманы Қарағанды металлургия комбинатының құрылысын күзету бойынша ӘӨСК отряды ұйымдастырылды. Оны ҰОС қатысушы ішкі қызмет подполковнигі Белеменко Яков Федорович басқарды, оны кейін подполковник Бондаренко Иван Петрович ауыстырды. Аға ұрпақтың эстафетасын Избяков Владимир Иванович, Головницкий Олег Петрович, Рудык Геннадий Владимирович жалғастырды. Қазақстандық Магниткада ҚР ІІМ ӨСКБ бастығының орынбасары полковник Васютинский Г.А., Қарағанды облысының МӨСҚ бастығы ішкі істер полковнигі Поздин Н.П., Торғай және Павлодар облыстарының ІІБ ӨСКБ бастығы ішкі істер полковнигі Басакевич С.В., Жамбыл облысының ІІБ ӨСКБ бастығы ішкі істер подполковнигі Цыплаков Ю.И., Қарағанды облысының және Алматы қаласының ІІБ ӨСКБ бастығының орынбасары Избяков В.И. шынықты.
Соғыстан кейінгі құрылыс жылдарында және Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған өнеркәсіптік аймақтарының шапшаң дамуы кезінде Новиков, Сударкин, Чабан, Данилов, Цыплаков, Сидоренко, Тихонов және т.б. жоғары кәсіптік деңгейде ірі өнеркәсіптік алыптарды берік қорғау іргетасын қалады.
Облыстың совхоздарында тыңайған және тың жерлерді белсенді игеру және Мемлекеттік өртті қадағалау аппараты тәжірибесінің аздығы өрт сөндіру-профилактикалық жұмысындағы кемшіліктерге әкеп соқты, сол себепті ірі азық дайындағанда және астықты жинау кезінде өрттер пайда болатын. Адамдар өртпен жанқиярлықпен күрескен. Нұра ауданының “Щербаковский” совхозында болған өрттен астық өнімін құтқару кезінде қаза тапқан “отты трактористтер” Владимир Котешиков пен Николай Грибовтың ерлігі мәңгі есте сақталады.
Өрттерді тергеу, сараптама өткізу, заттардың және технологиялық процестердің өрт қауіптілігін зерттеу сапасын жоғарылату үшін 1964 жылы өрт сөндіру-сынау станциясы ұйымдастырылды, оны Замниус А.П., Даниленко В.П., Платонов А.А., Верховский П.П., Дите А.В. басқарды.
1966 жылы өрт сөндіру бөлімдерінің кадрларын дайындау үшін ӨҚБ штатының есебінен оқыту пункты ұйымдастырылған, онда Белова, Хоздяков Д.М. басшылық етті.
1967 жылы өрт сөндіру техникасын жөндеу үшін Шишкин Владимир Петрович басқарған техникалық қызметінің әскери-өрт сөндіру бөлімі ұйымдастырылды.
1967 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша ведомстволық өрт сөндіру күзеті ІІМ құрамына тапсырылды. Қарағандыда, серіктес қалаларда, Жезқазғанда, Балқашта әжептәуір қуатты ведомостволық өрт сөндіру бөлімшелері пайда болды, оларды Хутим Р.У., Лазарев И.Д., Нелезенко Д.П., Бычковский, Бердалин С.И., Алифанов Б.Е., Миночкин И.А. басшылық етті. Олар сол жылы құрылған Қарағанды облыстық атқару комитетінің ІІБ ӨСКБ құрамына кірген. Хутим Р.У. ІІБ ӨСКБ Мемлекеттік өртті қадағалау бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
Қызметті нығайтуға Новиков Василий Сидорович, Ыбраев Ғалым Ыбрайұлы, Дронов Данил Федорович, Ходяков Яков Федорович, Белененко Яков Федорович үлкен үлес қосқан.
1975 жылдан 1993 жылы қызметті Хутим Рамазан Урсубиевич басқарды. Оның орынбасарлары болып Избяков Валентин Иванович (1975-1977), Замниус Анатолий Петрович (1977-1994), Шероварин Михаил Иванович (1981-1996) келді.
Жезқазған облысында құрылған ІІБ ӨСКБ Чернокожев Василий Сергеевич (1973-19), Керхер Андрей Васильевич (198 –1997) Слипченко Алексей Иванович басқарды.
Осы кезеңде қызметке өртке қарсы қорғау мәселесін шешуде инженерлік тәсілдерді енгізу, өрт сөндіру бөлмшелерінің жауынгерлік дайындығын көтеру, білікті кадрлардың қуатты жетекші тобын құру мүмкіндігі туды.
КСРО қаулысына сәйкес 1997 жылы Қарағанды және Жезқазған облыстарының барлық қалаларында кәсіптік өрт сөндіру күзеті әскери болып өзгертілген, сол жағдай қызметі 3-кезектік графиктен 4-кезектік графикке ауысқан кезекші күзеттердің дайындығын бірталай көтеруге мүмкіндік берді.
Жезқазған және Балқаш мыс қорытатын комбинаттарын күзету үшін ӘӨСК отрядтары құрылған.
Халық арасында өрт сөндіру-техникалық білімін насихаттау үшін 1987 жылы өрт сөндіру-техникалық көрмесі ашылды, кейін ол өрт сөндіру-техникалық орталығына өзгертілген, оны қызмет ардагері отставкадағы ішкі қызмет подполковнигі Мащицкий Владимир Мефодьевич басқарған.
Қарағанды қаласындағы ӨБОП “01” жолының саны онға дейін жеткізілді, өрт сөндіру бөлімдерімен, өрт және жарылу қаупті объектілермен және әрекеттес қызметтермен 50-ден астам тікелей телеграф жолдары құрастырылған.
1988 жылы 125-ші МӘӨСБ негізінде ірі өрттерді сөндіру үшін және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу үшін мамандырылған өрт сөндіру бөлімі ұйымдастырылған. Бөлімді құру жұмыстарын Козлов В.М. ұйымдастырды.
Осы жылдарда облыстың ІІБ ӨСКБ облыстардың ӨСКБ ұжымдары арасында өткізілген республикалық сайыстарда жүйелі түрде жүлделі орындарды алған.
1993 жылғы қиын уақытта ІІБ ӨСКБ Поздин Николай Павлович басқарды. Экономикадағы құрылымдық өзгерістер, нарықтық қатынастардың пайда болуы өрт сөндіру күзетін қамтамасыз еткен көп өнеркәсіптік кәсіпорындардың тағдырын анықтады. Жеке құрамға жалақының ұзақ уақыт төленбеуі, жанар майдың, қосалқы бөлшектердің жоқтығы кадрлардың кетуіне, жауынгерлік топтың төмендеуіне, профилактикалық қадағалаудың нашарлауына әкеліп соқты.
Өртке қарсы қызметтің жауынгерлік қабілетін сақтап қалу үшін бөлімшелердің жауынгерлік тобының саны қысқартылды және объектілерді өрттен күзету саласында ақы төленетін қызмет түрі енгізілді. Облыс әкімінің қолдауымен Позднин Н.П. осындай әрекеттерді қолданды. 1996 жылы облыстың ІІБ ӨСКБ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет мәртебесін алды. 1997 жылы ҚР ІІМ МӨҚҚ Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комитетінің құрамына ауыстырылды.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің өрт сөндіру көлігі мен өрт сөндіру-техникалық жабдықталуының барлық қорын тауысқаннан соң, жөндеу жұмыстарының қажеттілігі күрт өсті. Осы мақсатпен 1997 жылы МӨҚҚ техникалық қызмет отряды ұйымдастырылған, оған ішкі қызмет майоры Якубов Р.С. басшылық етті.
Біздің гарнизон кадрлар дайындаудың ұста дүкені болды. Облыстың өрт сөндіру күзетінің бір талай қызметкерлері жұмыстағы озат көрсеткіштері үшін облыстың басқа гарнизондарына басшылық қызметке тағайындалды – соның ішінде Васютинский Г.А., Избяков В.И., Басаневич С.А., Горбунов В.И., Евтушенко А.Д., Баграмов М.Г., Цыплаков Ю.И., Малинин В.И.
Жеке қызметкерлер облыстың ІІБ жүйесінің басшылық қызметіне тағайындалды. Соның ішінде Головницкий О.П., Верховский П.П., Погорелов В.К., Петраков С.В., Зябкин В.Н., Глазков А.П., Мазин В.Н.
70-ші жылдарда 1-ші өрт сөндіру бөлімінде ҚР бас прокуроры Түсіпбеков Рашит Төлеутайұлы қызмет өткерген.
Соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі құрылыс кезінде кәсіптік бөлімдерді басқарған және өртті сөндіруге қатысқан ардагер әйелдер –Филатова Д.Е., Кравченко С.Г., Балдина Г.П., Журавлева Е.С., Труфганова Л.П., Өскембаева Л.Е., Хальзова В.В., Сигова В.В., Лукьянченко К.Т. және т.б.