Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

Құнанбаев Нұрбек Сейітқамзаұлы, 1959 жылы 2 қыркүйекте туған. 1981 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 2002 жылы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін аяқтаған. Н.С. Құнанбаев техника ғылымдарының кандидаты.
Өзінің еңбек жолын 1980 жылы Норильск КБК «Октябрьский» кенішінде жерасты учаскесінің ұңғымашысы лауазымында бастады. 1981 жылдан 1988 жылға дейін ЖКМК Шығыс Жезқазған кенішінің жерасты жолшысы, тау-кен шебері, одан соң Белогорка КБК «Огневка» кенішінің жерасты учаскесінің бастығы, бас инженердің тау-кен және бұрғылап жару жұмыстары жөніндегі орынбасары, «Белая Гора» кенішінде №1 жерасты учаскесінің бастығы болып жұмыс істеді. 1989 жылы «Юбилейный» кенішінің бастығы болып тағайындалды. 1994 жылдың қарашасында Н.С. Құнанбаев Тау-кен мемлекеттік техникалық қадағалаудың Шығыс Қазақстан округі басқармасының өндірістік-техникалық бөлімін басқарды. 1995 жылы Шығыс Қазақстан округі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. 1996 жылдан 2006 жылға дейін Өскемен кен-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы, Шығыс Қазақстан облыстық ТЖ басқармасы бастығының орынбасары, ТЖ алдын алу және жою жөніндегі инспекцияның бастығы – ШҚО ТЖ саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 2006 жылдан 2008 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасын басқарды. ТЖМ ведомстволық бағынышты органдарының қайта құрылуына байланысты 2008 жылдың қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2009 жылдың ақпан айынан – Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
Н.С. Құнанбаев I, II, III дәрежелі «Шахтер даңқы» және III дәрежелі «Еңбек даңқы», III дәрежелі «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметіне қосқан үлесі үшін» белгілерімен, «10 жыл Астана» мерекелік медалімен марапатталған. «Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері» атағы берілген.
Почта мекен-жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Г. Мұстафин көшесі, 4, тел: 8-(7212) 51-20-01
Электрондық мекен-жайы: – dchs_krg@fireman.kz