казакша русский
Сенім телефоны:
8-(7212) 41-17-50






  ТЖ министрлігі Қарағанды облысының әкімдігі

ҚР ТЖМ
ТЖД
ТЖМ бөлімшелері
Тірі қалу әліппесі
Нормативтік құжаттар
Өрт сөндіру-техникалық орталық
Шұғыл хабар
Балалар өртке қарсы
Суретгалереясы
Шығармашылық
Виртуалды Кабылдау орны
 

Біздің батырларымыз


Естелік кітабы


Почта:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті
dchs_krg@mail.ru

“Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша - fgu@fireman.kz



Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25
ҚРТКҚҒИО


«Қазақстан Республикасы тау-кен құтқарушыларының ғылыми-инженерлік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

1969 жылы құрылған КСРО КӨМ ТКІБҒЗИ Қарағанды ғылыми-зерттеу бөлімі Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 31.08.1992 жылғы Қаулысымен «Қазақстан Республикасы тау-кен құтқарушыларының ғылыми-инженерлік орталығы» болып қайта құрылған.

23.07.2000 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес ҚР ТЖ министрлігінің «Қазақстан Республикасы тау-кен құтқарушыларының ғылыми-инженерлік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды, ал 2006 жылы ҚР Үкіметінің 30.06.2006ж. №626 қаулысына сәйкес, ҚР ТЖМ ТЖ және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің құрамына кірді.

ҚРТҚҒИО өрт жарылыстан қорғау, желдету, геодинамикалық құбылыстармен күресу, жобалық-техникалық құжаттаманы сараптау, өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін және басқада нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу мәселелерін шешуде маңызды орын алады.

ҚРТҚҒИО қызметінің жұмысы мен мақсаты ғылыми зерттеулер және төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың озат әдістерін әзірлеу, жеке меншік түріне қарамастан Қазақстан Республикасының өндіруші кешендер кәсіпорындарында оларды жоюға қатысу болып табылады.

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін ҚРТҚҒИО келесі функцияларды орындайды:

  1. Ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
    өнеркәсіптік қауіпсіздік проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
    өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуге және қайта қарастыруға қатысу;

    техникалық сипаттағы қауіптілігі жоғары төтенше жағдайлардың пайда болуымен байланысты жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мәселелері бойынша сараптама қорытындысын дайындау;

    жобалық-сметалық құжаттамаға, жабдықтарға, өрт және жарылыс қауіпсіздігінің мәселелері бойынша материалдарға және құралдарға сараптама жасау;

    қызметі жоғары қауіппен байланысты өнеркәсіптік объектілердің декларацияларын әзірлеуге қатысу және сараптама жасау;

    авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерінің мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау мекемелеріне және кәсіпорындарға кеңес қызметін көрсету;

    құтқару жұмыстарын жүргізу саласында халықаралық ынтымақтастық.

  2. Аварияларды жоюға және адамдарды құтқаруға қатысу.
  3. Мүмкін болатын өрттер мен жарылыстардың алдын алудың жаңа тәсілдерін әзірлеу және төтенше жағдайлардың бастапқы әдістерін енгізу.
  4. Аварияларды тергеу бойынша және қауіптілігі жоғары жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мәселелері бойынша сараптама қорытындыларын дайындау.
  5. Қауіпсіздік техникасы бойынша ережелерді және басқада нормативтік-техникалық құжаттарды, сонымен қатар техникалық сипаттағы қауіптілігі жоғары төтенше жағдайлардың пайда болуымен байланысты жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мәселелері бойынша қорытындыны әзірлеуге, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан және жеке меншік түріне қарамастан басқада кәсіпорындармен бірлесіп қатысу.
  6. ҚРТҚҒИО алдына қойылған мақсаттарды шешу үшін орталықтың құрамында 4 ғылыми бөлімше қызмет етеді: авариялық режимдер зертханасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік проблемалары бойынша зертхана, геодинамикалық құбылыстардың алдын алу зертханасы, өрт жарылыстан қорғау секторы. Қызметкерлердің жалпы саны 21 адам, оның ішінде 1 техника ғылымдарының докторы, 5 техника ғылымдарының кандидаты.



Қарағанды облысының ТЖД
Сайт мәліметтерін қолданғанда дерекке сүйену міндетті


Карта сайта Контакты Главная