казакша русский
Сенім телефоны:
8-(7212) 41-17-50






  ТЖ министрлігі Қарағанды облысының әкімдігі

ҚР ТЖМ
ТЖД
ТЖМ бөлімшелері
Тірі қалу әліппесі
Нормативтік құжаттар
Өрт сөндіру-техникалық орталық
Шұғыл хабар
Балалар өртке қарсы
Суретгалереясы
Шығармашылық
Виртуалды Кабылдау орны
 

Біздің батырларымыз


Естелік кітабы


Почта:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті
dchs_krg@mail.ru

“Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша - fgu@fireman.kz



Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25
Баланың кінәсінен болатын өрттердің және оттан, түтіннен балалардың жарақаттануының алдын алу


БАЛАЛАРДЫҢ КІНӘСІНЕН БОЛАТЫН ӨРТТЕРДІҢ ЖӘНЕ ОТ ПЕН ТҮТІННЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЖАРАҚАТ АЛУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ӨРТ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТ

Өрт кезінде ен қорқыныштысы - сасқалақтық пен үрей. Қауіпсіз жерге шығуға от пен түтін аз мүмкіншілік беріп жатқанда, құнды минуттарды жоғалтасың. Міне, әр адам өрт кезіндегі бастапқы ережелерді білуі керек.

Олармен таныс болыңдар, мүмкін күндердің күнінде бұл сендердің және жақындарыңның өмірін сақтап қалар.

Өрт кезіндегі басты іс-әрекет

  • Өртті көрген кезде, жағдайды парасатты бағалап, бар күшіңізді жинап, өзіңізге көмекші табыңыз.
  • Ең алдымен өрт сөндіру қызметін (01телефоны, көршілер, радиостания, қызметтік автокөліктер, полиция, «жедел жәрдем»,авариялық қызмет т.б.) шақыртыңыз.
  • Тәуекелді жағдайда мүлікті құтқаруға бекер күшіңіз бен уақытыңызды жоғалтпаңыз.
  • Бастысы - кез келген тәсілмен өзіңізді және қайғыға ұшыраған басқаларды құтқаруға тырысыңыз.
  • Балалар мен қарттарды құтқаруға тырысыңыз. Оларды өрт болып жатқан жерден әрі алып кетіңіз,себебі ол жерде газ баллондардың, бензобактардың атылуы және өрттің тез дамуы мүмкін.
  • Өрт сөндірушілерге дұрыс ақпарат (нақты мекенжайды. қысқа келетін жолды, не өртеніп жатқанын, ішінде адамдар барм екенін) беру үшін міндеті түрде оларды алдарынан шығып, күтіп алу қажет.
  • Егерде адам жанса
  • Егерде үстіңізде киім жана бастаса, жүгіруші болмаңыз, себебі жалын одан сайын лапылдауы мүмкін.
  • Жанып жатқан киімді үстіңізден дереу шешуге тырысыңыз.
  • Маңайда көлшік немесе қалың қар болса, соған сүңгіңіз.
  • Жоқ болса, жерге құлап, жалын сөнгенше аунаңыз.
  • Үстіңізге қалың мата жабыңыз, бірақ басыңызды ашық қалдырыңыз.
  • Дәрігерге қаралмай, күйген жерлерден киіміңізді шешуге тырыспаңыз.
  • Егер де подъезде өрт болса
  • Подъезге шығушы болмаңыз, себебі түтін өте улы, ал ыстық ауа өкпеңізді күйдіріп жіберуі мүмкін.
  • Ең алдымен «01»телефон шалыңыз.
  • Төменге қарай жіппен, ақ жаймамен,су құбырымен түсу өте қауіпті.Терезеден секіру мүлдем қауіпті.
  • Үйіңізге түтін кірмес үшін кіреберіс есігіңізді су матамен мықтап жабыңыз.
  • Ең қауіпті жер – балконда немесе терезенің қасында. Ең алдымен өрт сөндірушілер сізді сол жерде таба алады. Далада суық болса, жылы киініңіз, артыңыздан балконның есігін жабыңыз.
  • Егер де сіз түтінге толы подъезде қалып қойсаңыз, өкінбеңіз, шыға беріске қабырғаға сүйене отырып шығыңыз.Сол арада деміңізді ішіңізге тартып тұрыңыз, ал ең жақсысы ауыз бен мұрныңызды орамал немесе мойын орағышпен жауып алыңыз.
  • Лифтіні пайдаланушы болмаңыз, оны сөндіріп тастауы мүмкін.
  • Өрт төменнен жоғарыға дамығанда, жоғары қабаттың тұрғындары өте сақ болуы тиіс.
  • Пәтердің кіреберіс есігі өртенсе
  • Оны ашпаңыз, әйтпесе от пәтеріңізге кіреді.
  • Көршілерге білдіртіңіз, олар сыртынан отты сөндіруге тырысып, дереу өрт сөндіру күзетін шақырсын.
  • Сол арада сіз ішінен есікке су құйғаныңыз жөн болар.

  • Егер де теледидар өртенсе
    Ең алдымен розеткадан вилканы суырып алыңыз немесе пәтерді электр қалқанынан ажыратыңыз.
    Өртеніп жатқан теледидардан көп улы заттар бөлінеді, сондықтан пәтерде бар адамдарды дереу сыртқа шығарыңыз.
    Ауаның кіруін тоқтату үшін, теледидарды бір қалың матамен жабыңыз.
    Бірақ теледидарға қатты жақындамаңыз, өйткені кинескоп атылуы мүмкін.

    Өрттен құтқару викторинасы

    1.Өрт сөндірушінің киімі қалай аталады?
    а) боевка; б) штурмовка;
    в) огневка; г) бичевка.

    2.Өрт сөндіргіш қайда орналасуы тиіс? а) еденде; б) терезенің алдында;
    в) қабырғада; г) шифоньерде.

    3.Электр аспабының тұйықталуы кезіндегі бірінші іс-әрекет?

    a) аспапқа су құю; б) аспаптың үстіне мата тастау;
    в) тоқтан ажырату; г) «01» телефон шалыңыз.

    4. Электр аспапты немен сөндіруге тыйым салынады?

    а) құммен; б) көмірқышқылымен;
    в) сумен; г) өрт сөндіруші ұнтақпен.

    5.Өрт қауіпсіздігі қызметкерлерінің «Шығу» белгісінің түсі?

    а ) көк; б) қара;
    в) жасыл; в) қызыл.

    6. Бөлмеде өрт туындаған жағдайда алғашқы іс-әрекет?

    а) далаға жүгіріп шығу; б) бөлменің есігін жабу;
    в) »01»телефон шалыңыз; г) ваннаға қамалып отырыңыз.
    7.Өрт кезінде өрт сөндірушінің қолын не қорғайды?

    а) жең; б) қолғап;
    в)тоң; в) крага.

    8.Өрт-техникалық тексерісті өткізетін лауазымдық тұлға?

    а) комендант; б) инспектор;
    в ) әдіскер; г) куратор.

    9.Тұрғылықты үйдегі өрт туралы қай ертегіде айтылған?

    а) «Алтын әтеш туралы ертегі»;
    б) «Курочка Ряба»;
    в) «Бауырсақ»;
    г) «Мысықтың үйі».

    Өртке қарсы викторина

    Өрт болып жатқан бөлменің есігі мен терезесін ашуға бола ма?
    (Болмайды, өйткені өртті күшейтетін таза ауаның кіруіне себеп болады)

    Өрт каскасы не үшін қажет?
    (Ол өрт сөндірушіні оттан, жоғарғы қызудан, түтіннен қорғайды, құрылыс бөлшектері құлағанда басты жарақаттан сақтауға арналады)

    3.Сіз қандай өрт сөндіру техникасын білесіз?
    (Өрт сөндіру автокөліктері, механикалық сатылар, өрт сөндіру катерлері, өрт сөндіру поездары, мотопомпылар )

    4.Өртеніп жүгіріп келе жатқан адамды қалай құтқаруға болады?
    (Тоқтатып, жерге құлату үшін аяғынан шалу қажет. Одан кейін үстін қалың матамен жабу қажет)

    5.Түтінге толы бөлмеден қалай шығуға болады?
    (Ауыз, мұрныңды су матамен жауып, еңбектеп немесе сырғып шығуға болады)

    6.Өртті көргенде не істеу қажет?
    («01»телефоны бойынша өрт сөндірушілерге телефон шалыңыз, үлкендер мен көршілерге ескерту. Аздап жанып жатқан өртті қолда бар нәрсемен сөндіруге тырысу)

    7.Электр жабдықтары өртенгендегі іс-әрекет?
    (Шама келгенше тоқтан ажырату: розеткадан шнурды жұлып алу, электр пробкаларды бұрап алу, одан кейін үстін кілемше немесе көрпемен жабу.)

    8.Егер пәтерде газ бөлінуі болса, жарықты қосып, өшіруге бола ма?
    (Болмайды, өйткені ұшқын шығып жарылыс болуы мүмкін)

    9.Дәліздегі сатыны неге ыбырсытуға болмайды?
    (Өрт туудың үлкен қауіпсіздігін туғызуы, адамдардың қаза болуына себеп болуы, мүліктің қирауына себеп болуы, адамдарды шығаруға және өрт сөндірушілерге өрт болып жатқан жерге өтуге қиыншылық туғызуы мүмкін)

    10.Шатырдағы түтіндік неге үнемі әктеледі?
    (Әктелген түтіндікте жарықшақты табу жеңіл, олар арқылы от шатырға түсуі мүмкін)

    11.Керосин немесе керогаз тұтанса не істеу керек?
    (Оны дереу қалың матамен жабу қажет)

    12.Өрт кезінде адамдар көбінесе неден зардап шегеді: оттан немесе түтіннен?
    (Көбінесе түтіннен: екі, үш рет демалғаннан улы газ ішіне түссе, жану өнімдерімен улануы мүмкін)

    13.Өрт кезінде үйде немесе пәтерде шыны сындыруға бола ма?
    (Болмайды терезенің сынған жерлерінен ауа, оттегі кіріп отты ұлғайтады)

    14.Қай бөшке қауіпті: бензинге толы немесе бензиннен босаған?
    (Босаған бөшке қауіпті. Себебі оның ішінде бензин буының жарылыс қауіпті концентрациясы болуы мүмкін)

    15. Пеш жағу кезінде өрттен сақтайтын қандай ережелерді білу керек?
    (Пешті бензин, керосин т.б. атылатын заттармен жағуға болмайды, балаларға от жағуға мүлдем болмайды)

    Мақал-мәтелдер

    1.Отпен ойнама.
    2.От дос-от жау.
    3.Сіріңке балаға ойыншық емес.
    4.Ұшқыннан өрт туындайды.
    5.Сіріңкеге тиме - ол от.
    6.Сіріңке - ойыншық емес, от – ермек емес.
    7. Сіріңкені қалтаға салып жүргенді әдет қылма.
    8. Кішкентай сіріңке үлкен орманды өртейді.
    9. Сіріңке кішкентай - от үлкен.
    10.От жақсы дос, бірақ жаман қожайын.
    11.Отпен ойнама - өртенесің, отпен абай бол.
    12.Өртті қараусыз қалған электр жабдықтар туғызады.

    Ақыл-кеңестер

    1.Үйде үлкендер болмаса, электр жабдықтарды қоспа.
    2.Электр жабдықтарын пайдалана алмасаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз.
    3. Балалар, пештің есігін өздерің ашпаңдар.
    4. Отқа атылатын, ішінде химиялық құрамы бар бос флакондарды тастамаңдар.
    5. Бензинмен және басқа жанғыш заттармен ойнамаңдар.
    6. Шаммен, атқышпен, бенгаль отымен абай болыңыз.
    7. Жаңа жылдық маскарад қатысушыларының киімдері, жасанды шаштары оттан сақтау заттарымен сіңірілген болуы қажет.
    8.Өрт кезінде ешқашан тығылмаңыз.
    9. Өрт сөндіргішті пайдалана біліңіз.
    10.Басқаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол бермеңіз.




    Қарағанды облысының ТЖД
    Сайт мәліметтерін қолданғанда дерекке сүйену міндетті