|
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жұмыс регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қарағанды облысының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, салааралық үйлестіру, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің қызметін қамтамасыз ету және одан әрі дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын, ҚР ТЖМ аумақтық органы болып табылады.
2. Департамент өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеге, ТЖ департаменті туралы ережеге, сонымен қатар осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент бастығының және оның орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу, сонымен қатар Департамент басшылығының өзара алмасымдылығы Департамент бастығының бұйрығымен бекітіледі.
4. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметі, әскери қызметшілердің және аттестатталған персоналдың қызмет өткеруі мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен, әскери жарғымен, Департаментің басшылығымен бекітілген лауазымдық міндеттемелермен, өртке қарсы қызметтің қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережемен реттеледі.
5. Департаменттің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Департаментпен жүзеге асырылады.
6. Департаменттің құпия емес іс жүргізуін ұйымдастыру және жүргізу, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу және тарату Департаменттің Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөліміне жүктеледі және «Нормативтік құқықтық актілерге» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Әкімшілік рәсімдеу туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007жылғы 12 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына және Қазақстан Республикасының басқада нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастыру, баспасөз конференциясын, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен тұсаукесерлерді бұқаралық ақпарат құралдарында, Департаменттің іс-шараларын жариялауды Департаменттің баспасөз қызметі жүзеге асырады.
8. Департаментте әскери, еңбек және атқарушылық тәртіптің сақталуын бақылауды басқарма, бөлім басшылары, кадр жұмысы бөлімі және ішкі бақылау және аудит бөлімі жүзеге асырады.
9. Департаменттің мемлекеттік тілде толық атауы көрсетілген Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген өзінің мөрі және фирмалық бланкісі бар. Мөр Әскери жұмылдыру және арнайы жұмыс бөлімінің бастығында сақталады. Департаменттің фирмалық бланкілеріне Департамент бастығы және өз құзыреті шегінде оның орынбасарлары қол қоюға құқығы бар.
10. Департаменттің құзыретіне кіретін кадрлық мәселелерді шешу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
11. Департаменттің құрылымы, штаты, еңбекақы төлеу және материалдық-техникалық қамтамасыз етілу шарттары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі белгілеген лимиттер және қаражат шегінде Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
12. Департаменттің аппараты ТЖД бастығының бұйрығымен бекітілген Ереже негізінде Үйлестіру кеңесінің отырысын ұйымдастыруға және материалдарын дайындауға қатысады.
13. Департаменттің ұйымдастыру-өкімдік қызметі бастықтың бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады.
2. Жұмысты жоспарлау
14. Департаменттің қызметі Министрліктің және Департаменттің жұмыс жоспарына, Қарағанды облысының төтенше жағдайларын алдын алу және жою жүйесі, Азаматтық қорғаныс күштерін басқару органдарын дайындау бойынша ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Департаменттің жұмыс жоспарын Азаматтақ қорғаныс басқармасы Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың іс-шараларын жоспарлау бөлімі ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына жасайды, ол жетекшілік етуші вице-минстрмен бекітіледі. Бекітілген жұмыс жоспары орындалуы үшін Департаменттің бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге жіберіледі.
15. Іс-шараларды жұмыс жоспарынан алып тастау немесе орындалу мерзімін ауыстыру туралы шешімді Департаментті бастығының орынбасарларымен ұсынылған қызметтік жазбасының негізінде Департаменттің бастығы қабылдайды.
16. Департаменттің бағыныштағы мемлекеттік мекемелері Департаменттің бастығымен бекіткен Департаменттің Жұмыс жоспарына және іс-шараларына сәйкес жасалған жоспардың негізінде жұмыс істейді. Департаменттің тиісті басқармаларын мен бөлімдерінің басшылары жұмыс жоспарларының орындалуына жауапты болды.
3. Алқа отырысын және жиналысты өткізу тәртібі
17. Аппараттық отырыстарды және жиналыстарды, тоқсандық, жылдық жұмыс қорытындыларын тұжырымдау бойынша жиналыстарды дайындап өткізу тәртібін «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес Департамен бастығы айқындайды.
Қажет болған жағдайда бастықтың шешімі бойынша алқаның және жиналыстың кезектен тыс отырысы өткізіледі. Үйлестіру кеңесінің отырысын, аппараттық отырысты және жиналыстарды дайындап өткізуді ұйымдастыру Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер және аналитикалық жұмыс басқармасына жүктеледі, оның ішінде отырыстардың және жиналыстардың хаттамаларын жүргізу және орындалуын бақылау. Аппараттық жиналыс апта сайын дүйсенбі күні сағат 15.00 өткізіледі. Ақпарат ТЖД веб-сайтында орналасады. Департаменттің қызметін қорытындылау жиналысы есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 7 дейін тоқсан сайын өткізіледі. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін қорытындылайды – ай сайын Департамент бастығының орынбасарлары. Отырыстардың, жиналыстардың шешімдері хаттамамен рәсімделеді. Үйлестіру кеңесінің отырысын ұйымдастырып өткізу Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер және аналитикалық жұмыс басқармасына жүктеледі. Үйлестіру кеңесінің хатшысы Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер және аналитикалық жұмыс басқармасы қызметкерлерінің ішінен бұйрықпен тағайындалады.
18. Департаментің жұмысын шұғыл басқару мақсатында бастық немесе оның орынбасарлары Департаменттің басқарма мен бөлім бастықтарының қатысуымен жиналыс өткізе алады.
Шұғыл жиналыстың қатысушылары ақпараттандырады:
- өткізілген іс-шаралар туралы;
- бақылаудағы құжаттардың және тапсырмалардың орындалу барысы туралы;
- қызметкерлердің тексеріс және іссапар қорытындылары туралы;
- ағымдағы кезеңде бағыныштағы мемлекеттік мекемелердің жұмыс жоспары және көкейкесті мәселелері туралы.
4. Бағыныштағы мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл
19. Департаменттің шұғыл бағынышында, қалаларда және аудандарда ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері бар.
20. Департамент пен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің арасындағы өзара қарым-қатынасы дара басшылық принципінің негізінде құрылады.
21. Департамент ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында өткізілетін саясатқа сәйкес олардың дамуының негізгі бағыттарын айқындайды.
22. Күнделікті қызметте ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер Департамент бастығына есеп береді және өздерінің қызметін бастықтың алға қойған міндеттеріне және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
23. Басқармалардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметіне басшылық етуді қамтамасыз ету мақсатында Департамен бастығы заңнамаға сәйкес:
- Орынбасарлардың, басқарма және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеме басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
- басқарма және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеме басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- әскери қызметшілердің және арнайы атағы бар өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің қызметін өткеруі, заңнамамен белгіленген тәртіппен атақтар беру, сондай-ақ оларды қайтадан аттестаттау мәселелерін шешеді;
- басқармалардың, бөлімдердің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғаларын көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
- Өз орынбасарларының, басқармалар мен бөлмедердің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемемер басшыларының өткізілген жұмыстар және оларға жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебін тыңдайды;
- Басқармалардың, бөлімдердің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекітеді.
24. Бастықтың бұйрықтары мен тапсырмалары орындау үшін міндетті болып табылады. Департамент бастығының орынбасарлары, басқармалар мен бөлімдердің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бастықтары олардың сапалы және уақытында орындалуы үшін дербес жауаптылықта болады.
25. Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің басшылары қызметтерін жақсартып және жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді.
26. Қалалар мен аудандардың Төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері Министрліктің аумақтық органдары бола отырып, аумақыт және халықты қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі функцияларды орындайтын барлық ұйымдардың тиісті аумақтарында өзара іс-қимылды үйлестіруді және ұйымдастыруды жүзеге асырады.
5. Кіріс және шығыс хат-хабарларын рәсімдеу, олардың өтуі, қарау
27. Департаментте кіріс, шығыс хат-хабарларын және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және өткізу «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
28. Кіріс хат-хабары жұмыс күндері сағат 9.00 ден сағат 17.00-ге дейін қабылданады.
29. Мемлекеттік органдардан түскен құжаттар белгіленген үлгіде тиісті елтаңбасы бар блакіде ресімделген болуы тиіс және мынадай міндетті деректемелерден тұру тиіс:
Шығыс нөмірі және күні;
Бірінші басшының қолы;
Орындаушының аты-жөні және оның телефон нөмірі.
30. Белгіленген тәртіпте қабылданған құжаттар қаралады, бақылауға алынады және Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы таратады және тіркеу мөртабанында нөмірі, күні көрсетіліп тіркеледі.
31. Департамент басшылығы келіп түскен хат-хабарды келіп түскен күні, шұғыл құжаттар дереу қарастырылады. Қарау нәтижесі бойынша олар сәйкес тапсырмалар беріледі, олар бұрыштама түрінде рәсімделеді. Басшылық қараған кіріс хат-хабарлары рәсімдеу және одан әрі бөлімшелердің басшыларына (орындаушыға) беру үшін Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне жіберіледі.
32. Шығыс хат-хабараларын жіберу үшін қол қою алдында орынбасарлармен келісіледі (бұрыштама қою) және дұрыс рәсімделуі Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен қарастырылады.
33. Департаменттің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтің Әкімшілігіне, ҚР ТЖ министрлігіне және облыс әкіміне өз бетінше өтініш беруге құқығы жоқ.
6. Орындауды бақылау
34. Тапсырмалардың уақытында және сапалы орындалуын бақылауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы «Қазақстан республикасы Үкіметі туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдері туралы» 2007жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Жарлығына, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
35. Бақылауға мыналар, оның ішінде құпия құжаттар (бұдан әрі – бақылаудағы құжаттар):
- Департаментке тапсырмалар бар Үкімет қаулылары, Министрлік алқа отырысының, ведомство аралық комиссиялардың, шұғыл жиналыстардың, хаттамалары;
- Орындау мерзімі немесе бақылауға алынғаны туралы нұсқау, «шұғыл», «баяндалсын», «ұсыныс енгізсін» деген белгілері бар Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер –Министрдің Кеңсе басшысының, Министрдің Департаментке берген тапсырмалары (оның ішінде мәжіліс хаттамаларындағылар және іс-шаралар жоспарындағылар), сондай-ақ мазмұнынан бақылауға қою қажеттігі туындайтын тапсырмалар;
- Мазмұнынан жауап ұсыну қажеттігі, түсіндіру, сол немесе өзге мәселелер бойынша ұсыныс енгізу туындайтын мемлекеттік органдардың хаты
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
- Департаментке келісу үшін келіп түскен нормативтік құқықтық актілер жобасы;
- Министрліктің бұйрықтары және Департамент басшылығының тапсырмалары.
36. Бақылау құжаттарын Департаментте бақылауға қою және бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту нормативтік құқықтық актілерге және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
37. Департаменттің бақылау жүйесін мыналар құрайды: Департамент бастығы – жалпы басшылық пен Департамент қызметіне арналған бақылауды, оның ішінде бақылау құжаттарының уақытында және сапалы орындалуын жүзеге асырады.
Департамент бастығының орынбасары – бастықтың тапсырмаларын орындау жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуына жауап береді, орындау тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады, бақылау құжаттарының уақытында орындалу мақсатында Департамент бөлімшелерінің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етеді, жұмысты ұйымдастыру, еңбек және орындау тәртібі үшін бастықтың алдында дербес жауапкершілікте болады.
Департаменттің басқарма және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің басшылары – өздері басқаратын бөлімшелерде құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, бақылау құжаттарының орындау мерзімінің бұзылуына немесе сапасыз орындауға жол берген өз қызметкерлерін тәртіптік жауапқа тарту жөніндегі ұсыныс енгізеді, Департамен басшылығы алдында өздеріне сеніп тапсырылған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жұмысы үшін дербес жауапкершілікте болады.
Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы құжатты уақытында тіркеуді және бақылауға қоюды қамтамасыз етеді, Департамен басшылығының резолюциясын ескере отырып, оларды орындау мерзімін белгілейді, Департаменттегі орындау тәртібі жай-күйінің мониторингін жүзеге асырады, келіп түскен бақылаудағы тапсырмалар туралы және бақылау құжаттарының тізімін тарату әрі оларды орындау мерзімінің жақындағанын еске салу жолымен орындау мерзімі туралы басшылыққа хабарлайды, Департаменттің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріндегі іс жүргізуге жауапты қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді, іс жүргізуді ұйымдастыру және Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жұмысы үшін дербес жауаптылықта болады, Департамен басшылығына өз құзретінің шегінде ұсыныстар енгізу.
38. Бақылау құжаттарының уақытында орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Департаменттің іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығында мерзімдері мен бақылау құжаттарының бөлімшелерде өту тәртібі, сондай-ақ бақылау құжаттарын орындау үшін дайындалған құжаттарды міндеттерді бөлуге сәйкес басшылыққа қол қою немесе бұрыштама соғуға беру тәртібі көрсетілген.
39. Орындау мерзімі 5-тен 10-ға дейінгі күнтізбелік күн бақылау құжаттарын орындау үшін дайындалған құжаттар міндеттерді бөлуге сәйкес Департамент басшылығына бұрыштама соғуға және орындау мерзімі аяқталғаннан бір жұмыс күні бұрын Департамен бастығына қол қоюға беріледі. Орындау мерзімі 5 күнге дейінгі бақылау құжаттарын орындау үшін дайындалған құжаттар міндеттерді бөлуге сәйкес Департамент басшылығына бұрыштама соғуға беріледі және олар дайын болғаннан кейін дереу Департамент бастығына қол қоюға беріледі және оларды көрсетілген лауазымды тұлғалар кезектен тыс тәртіппен кешіктірмей қарайды.
40. Хат-хабарлардың Департаментте өтуіне байланысты рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында оның ресми веб-сайтында мынадай ақпараттар орналастырылады:
Департаменттің Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бастығының тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, тікелей телефоны;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментте жұмыс істейтін сенім телефонының нөмірі;
Департамент басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі;
заңнамаға сәйкес өзге де ақпарат.
41. Орындалу мерзімдері құжаттарда көрсетілген мерзімдерді қоспағанда Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне түскен күннен бастап есептеледі. Егер құжаттың орындалу мерзімі көрсетілмесе, ол бір айдың ішінде орындалу тиіс.
42. Департамент бастығының бұйрықтары және өзінің жеке бақылауына алынған құжаттар Департамент бастығының, ал қалған құжаттар Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылауынан шығарылады.
7. Құпия іс жүргізумен жұмыс
43. Құпия іс жүргізуді ұйымдастырып жүргізу Әскери жұмылдыру және арнайы жұмыс бөліміне жүктеледі және 15.03.1999 жылғы №349-13 «Мемлекеттік құпия туралы» ҚР Заңына, Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі 14.03.2000ж. №390-16с нұсқаулыққа, ҚР Премьер-министр кеңсесінің, ҚР ҰҚК, ҚР ТЖМ, бұйрықтарына, әдістемелік нұсқаулықтарға, нормативтік актілерге және нұсқауларға және Қазақстан Республикасының басқада нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
8. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру
44. Департаментте азаматтардың өтініштерін қарау және оларды қабылдау Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007жылғы 12 қаңтардағы заңдарына және «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Департамен бастығы азаматтардың өтініштерін қарап, істің мән-жайын анықтайтын және зерделейтін, құқықтық нормасын айқындайтын тиісті мәселені қарастыратын орынбасарына, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемеге немесе бөлімге орындауға жібереді, қажет болған жағдайда шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратады және алады.
45. Қосымша зерделеуді немесе тексеруді талап етпейтін азаматтардың жазбаша өтініштері 15 күннен кешіктірмей, кейінге қалдырылмай шешіледі. Өтініштерді шешу мерзімі, егер ол арнайы зерделеуді және тексеруді талап етсе, ол туралы өтініш берушіге міндетті хабарлай отырып, бір айдан асырмай ұзартылуы мүмкін.
Азаматардың өтініші олар бойынша қажетті шаралар қабылданған және жауап берілген жағдайда шешілген деп саналады. Егер мәселелерді шешу ұзақ мерзімге созылса, онда өтініш түпкі орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады.
46. Азаматтар заңнамада белгіленген тәртіппен қаралған мәселелер бойынша қайтадан өтініш беруге құқылы, егер жаңа дәлелдемелер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бар болса. Жаңа дәлелдемелер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар келтірілмеген екніші рет берілген өтініштер, егер олар бойынша жауап берілсе, тексеруге жатпайды.
Азаматтардың өтінішін бақылаудан алуға Департамен бастығының, ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын орынбасарының құқығы бар.
47. Бастық және оның орынбасарлары кемінде айына бір рет қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды, сондай-ақ Департамен қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізеді. Азаматтарды қабылдау белгіленген және азаматтардың назарына жеткізілген күні мен сағатта жүргізіледі.
Егер өтінішті немесе арызды Департамент басшылығы қабылдау кезінде шеше алмаса, олар жазбаша түрде баяндалады және олармен жұмыс жазбаша өтініштер сияқты жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жауап өтініш иесіне Департамен бастығының немесе оның тапсырысы бойынша орынбасарларының біреуі қолын қойып жіберіледі.
|