казакша русский
Сенім телефоны:
8-(7212) 41-17-50






  ТЖ министрлігі Қарағанды облысының әкімдігі

ҚР ТЖМ
ТЖД
ТЖМ бөлімшелері
Тірі қалу әліппесі
Нормативтік құжаттар
Өрт сөндіру-техникалық орталық
Шұғыл хабар
Балалар өртке қарсы
Суретгалереясы
Шығармашылық
Виртуалды Кабылдау орны
 

Біздің батырларымыз


Естелік кітабы


Почта:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті
dchs_krg@mail.ru

“Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша - fgu@fireman.kz



Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25
«Көмір» ӘАҚҚ»

Қарағанды көмір бассейнінің тау-кен құтқару қызметі.

Қарағанды көмір бассейнінде алғашқы тау-кен құтқару қызметі 1932 жылы құрылды, осы жылы 1 қарашадан бастап тау-кен құтқарушылары шахтёрлардың еңбегін және көмір өнеркәсібінің объектілерін қорғау бойынша тәулік бойы кезекшілік етуге кірісті және осы уақытқа дейін абыроймен атқарып келеді. Тау-кен құтқару қызметі Қарағанды бассейнінің алғашқы көмір шахталарының құрылысымен бірге қиын экономикалық жағдайда құрылған. 1934 жылы құрылған екі взводтан және үш тау-кен құтқару пунктінен тұратын, әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағының жабдығында Донбастан әкелінген, ескі, 25 жыл пайдаланған неміс респераторлары және қарабайыр бастапқы өрт сөндіру құралдары болды.

Ұлы Отан Соғысының қиын жылдарында Қарағанды көмір бассейнінің тау-кен құтқарушылары қызмет істей отырып, көмір шахталарының аварияға қарсы қорғанысын қамтамасыз еткен, сонымен қатар көмір өндіруге, Донбастан эвакуацияланған кәсіпорындарды және адамдарды орналастыруға қатысқан.

Соғыс жылдарынан кейін шетелдік ұқсас нұсқасынан кем емес, жаңа газқағар аппараттары және тау-кен құтқару жабдықтары әзірленіп, жетілдіріліп енгізілді.

Қарағанды көмір бассейнінің тау-кен құтқару қызметі 1968-1988 жылдар аралығында ерекше дамыған. Жеке жедел тау-кен құтқару взводтары жасақтарға бірігіп қайта құрылды, қызметтік және тұрғын ғимараттардан кешендер құрылған. Қызмет бөлімшелері жер астындағы өртпен күресудің жаңа қуатты және жетілген құралдарымен, көбік-ұнтақты сөндіру құрылғысымен, жер астындағы өрттерді сөндіру және инертизациялаудың қуатты құралдарымен, инертті газ генераторларымен, жарылыс тұрақтылығының гипсті далдаларын орнатуға арналған кешендермен жарақтанды. Жылжымалы және стационарлық газдандыру құрылғылары, жеке және топпен қолданылатын жылуға қарсы құралдар. Шахтада зардап шеккендерге көмек көрсететін реанимациялық-есеңгіреуден алып шығатын топтар ұйымдастырылған. Авариялардың алдын алу мен жоюдың жаңа әдістері, тәсілдері, амалдары сапалы әзірленген.

Өткен жылдарда көмір өнеркәсібінің кәсіпорындарында болған күрделі авариялар мен апаттар кезінде кеншілерге тау-кен құтқарушылары пәрменді көмек көрестіп, оларды апаттан құтқарып, ең күрделі авариялардың салдарын табысты жойды.

Қарағандының Тау-кен құтқарушылары 1966 және 1969 жылдары Алматыда, 1988 жылы Ленинаканда (Армения) жер сілкінісі және сел жүру кезінде, Қарағанды ет комбинатында, Екібастұз ГРЭС-2 газ жарылысында, Баянауылда орман өрттерін сөндіруге, Қарағанды, Саран, Теміртау қалаларында тұрғын үйлерде тұрмыстық газ жарылған кезде авариялық-құтқару жұмыстарына қатысқан.

Көмір шахтасында жерасты қазбаларының авариялары кезінде тау-кен құтқару жұмыстарын жүргізу өте қиын және қауіпті, бұл жерде тау-кен құтқарушыларға батылдық, жанкештілік, қайғылы оқиғаға тап болған адамдарды құтқару үшін ерлік жасауға дайын болу сияқты адамның ең жақсы қасиеттерінсіз мұндай жұмыстарды істеу мүмкін емес. Әр жылдарда өзінің кәсіби міндетін, авариялық-құтқару жұмыстарын орындау барысында 52 тау-кен құтқарушы қайтыс болды.

Тау-кен құтқарушыларының мінсіз қызметі, қажырлы еңбегі, көрсеткен ерлігі мен батырлығы лайықты жоғары үкіметтік және ведомстволық наградалармен ескерілген.

1970-1972 жылдар аралығында Қарағанды көмір бассейнінде кеншілерді құтқару және бірқатар күрделі авариялардың салдарын табысты жою кезінде көрсеткен ерліктері мен жанкештігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Қарағанды әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы Еңбек Қызыл Ту Орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.02.2000ж. №307 қаулысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы көмір өнеркәсібінің әскерилендірілген тау-кен құтқару бөлімі (ҚР КӨ ӘКҚБ) РМҚК базасында 2000 жылы 19 сәуірде «Көмір» Әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнын құрды. 09.01.2008ж. «КАҚҚ ОШ» РМҚК қызметін жүзеге асыру мақсатында «Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының «Көмір» Әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» филиалы құрылған.

«Көмір» ӘАҚҚ ұйымдастыру құрылымына 3 әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы кіреді, олар 46 жедел бөлімшеден тұрады, олардың ішінде: 1 ӘАҚЖ (Қарағанды қ.) – 20 бөлімше, 2 ӘАҚЖ (Шахтинск) – 16 бөлімше, 3 ӘАҚЖ (Екібастұз қ.) - 10 бөлімше, әскерилендірілген авариялық-құтқару взводы (Шұбаркөл) – 4 бөлімше. Штабтың және бөлімшесінің құрылымына кіретін басқада қосымша бөлімшелер және қызметтер: шахтаның өрт сөндіру құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу станциясы, тау-кен құтқарудың құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша механикалық шеберхана, реанимациялық-есеңгіреуден алып шығатын топтар (1 ӘАҚЖ және 2 ӘАҚЖ құрылымдарында). Жеке құрамның жалпы саны– 633 адам.

«Көмір» ӘАҚҚ» филиалының бөлімшелері «Миттал Стил Теміртау» ААҚ КД, «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС, «Евроазия энергетикалық корпорациясы» ААҚ, «Шұбаркөл Көмір» ААҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Гефест» ЖШС және басқалардың құрылымына кіретін, пайдалы қазбаларды ашық, жерастынан қазып байытатын 36 өнеркәсіптік объектіге қызмет көрсетеді.

«Көмір» ӘАҚҚ» негізгі міндеттері:

  • көмір өнеркәсібінің қызмет көрсететін кәсіпорындарда авария кезінде адамдарды құтқару және эвакуациялау, оларға тікелей жұмыс орнында және эвакуациялау барысында бірінші медициналық жәрдем көрсету;
  • өрт сөндіру, газ және көмір шаңы жарылысының, құлау, тау-кен қазбаларының газдану және су алу салдарын жою, қызмет көрсететін объектілерде төтенше және авариялық жағдайда өткізілетін басқада арнайы жұмыстарды орындау;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың қызмет көрсететін объектілерінің авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға дайындығын анықтау бойынша алдын алу жұмыстарын өткізу;
  • техникалық жұмыстарды орындау;
  • авариядан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына қатысу;
  • авариялық-құтқару жабдықтары мен құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
  • ерікті құтқару станциялары мен командаларының құрамын, сонымен қатар кәсіпорындардың инженерлік-техникалық жұмыскерлерін авария кезінде әрекет ету ережелеріне оқыту;
  • жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіру және төтенше жағдайлар аймағына шығуға және құтқару және авариялық жұмыстарды жүргізуге басқару органдарының, авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарын әрдайым дайындықта ұстау.
  • Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесінің функцияларынан шығатын (радиоактивті сәулелену және ҚӘУЗ байланысты, авариялар мен апаттардан басқа) міндеттерді орындау;

Қызметтің барлық бөлімшелері «Көмір» ӘАҚҚ филиалын техникалық жабдықтау табеліне» сәйкес техникалық жабдықтармен және арнайы автокөлікпен жинақталған. Оның ішінде: Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары (Р-30, Р-34 респираторлары), жылуға қарсы құралдар (ПТК-100, ТК-40, «Зима» МПКС); медициналық көмек және құтқару құралдары; шахта ауасының параметрлерін бақылау аппаратурасы (ГХ, ШИ, «Поиск-2», АЭРА, газоаналитикалық аппараттар); «Holmatro» гидравликалық авариялық-құтқару құрал-сайманы, өрттерді белсенді сөндіру және тежеу жабдығы (АЦ-40, әртүрлі өнімділіктегі көбік генераторлары, «Вихрь» ұнтақты құрылғылары, АПК-750); атмосфераны инертизациялау және авариялық учаскелерді оқшаулауға арналған жабдық (ГИГ-1500, ГИГ-4, МГИГ-250М инертті газдар генераторлары, АГУ-8к азотты газдандыру құрылғысы, «Темп-500», «Темп-2» және басқалардың жарылысқа тұрақты далдасын орнатуға арналған кешен.)

«Көмір» ӘАҚҚ» алдын алу қызметі жер қойнауын пайдаланушылардың қызмет көрсететін объектілерінің мүмкін болатын аварияларды жоюға дайындығын бақылау бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді, аварияға түскен адамдарды құтқаруға және осы авариялардың табысты жойылуын қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Алдын алу жұмысында газ аналитикалық зертханалар маңызды роль атқарады, олар барлық авариялық-құтқару жасақтарында жұмыс істейді. Жыл сайын «Көмір» ӘАҚҚ» зертханалары 30000 астам ауа сынамасын және шахталардың тау-кен қазбаларының көмір және жыныс шаңымен шаңдануынан 4000 астам сынамасын талдайды. 2001 жылдан бастап талдау қызметінің функцияларына шахталық конвейер таспасының жанғыштығын анықтау кіреді.

Жыл сайын «Көмір» ӘАҚҚ» бөлімшелері Қарағанды аймағында қызмет көрсететін кәсіпорындарда және Шұбаркөл, Екібастұз кен орындарында ауқымды авариялық-құтқару және техникалық жұмыстарын орындайды. 2000 жылдан 2008 жыл аралығында 498 авария жойылған (оның ішінде жер үсті объектілерінде 360 авария), 184 техникалық жұмыс орындалды, сонымен қатар аварияда 48977 адам/сағ., техникалық жұмыста 32316 адам/сағ. жұмыс істелінген.

«Көмір» ӘАҚҚ» күшімен Қазақстан Республикасы көмір өнеркәсібінің кәсіпорындарында болған ірі авариялардың және апаттардың салдары жойылған. Бұл 05.12.04ж. Шахтинск шахтасында, 20.09.06 ж. В.И. Ленин шахтасында, 11.01.08 ж. «Абай» шахтасында метан-ауа қоспасының жарылысы. 27.01.2004 жылы Саран шахтасында көмір және газдың кенеттен лақтырындысы. 22.10.04ж. Киров шахтасында, 02.09.04 ж. Қазақстан шахтасында, 12.10.07 ж. «Рапид» ЖШС шахтасында тау-кен қазбаларының құлауы. 27.09.04 ж. Костенко шахтасында, 15.03.08 ж. эндогендік өрт және т.б.

Тау-кен құтқару қызметінің дәстүрін әрі қарай жалғастыра отырып, «Көмір» ӘАҚҚ» басшылығы команданың және жеке құрамның кәсіби дайындық мәселелеріне үлкен көңіл бөледі, бөлімшелерді жаңа арнайы техникамен жабдықтау бойынша мәселелерді шешеді. Қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютерлерді қолданып, авариялық-құтқару топтарын автоматтандыру бойынша мәселелер шешілді. Экстремалды жағдайда жұмыс істеу тау-кен құтқарушылардан үлкен дене және моральды психологиялық күшті қажет етеді. Сондықтан дене дайындығына үлкен көңіл бөлінеді, спортпен шұғылдану үшін барлық бөлімшелерде жағдай жасалған. 1 ӘАҚЖ базасында жаңадан құрылған іздестіру-құтқару взводының жеке құрамы «Өнеркәсіптік альпинизм», «Сүңгуір ісі» бойынша дайындықтан өтті. Сондықтан, қызмет шахталардың тау-кен қазбаларында тік және қия еңістерде авариялық-құтқару және техникалық жұмыстарды орындауға, шахталарда, ашық суаттарда сүңгуір жабдықтарын қолданып жұмыс жүргізуге дайын.

Өзінің сегіз жылғы қызметінде «Көмір» Әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» Қазақстан Республикасының көмір өнеркәсібіндегі 498 аварияны жойған, төтенше жағдайды жою кезінде 86 адам құтқарылды, саланың жарақаттанған 1234 қызметкеріне жедел көмек көрсетілді. Тау-кен құтқарушылар – кеншілердің ерекше гвардиясы!

«Көмір» ӘАҚҚ» филиалы, өзінің басты міндетіне адал: адамдардың денсаулығын және өмірін қорғау, әрдайым жауынгерлік дайындықта болу, қиын жағдайға түскен адамдарға әрдайым көмекке келуге дайын!

 


Қарағанды облысының ТЖД
Сайт мәліметтерін қолданғанда дерекке сүйену міндетті


Карта сайта Контакты Главная