2011 жылдың желтоқсан айының 22 жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасының Төтенше жағдай министрлігінің министрінің №699 ж/қ бұйрығымен Мұрат Қасенұлы Қатпанов Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Подполковник М.Қ. Қатпанов Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданының Егіндібұлақ с. 1972 жылы 29 қазан айында туған, қазақ, білімі жоғары: -1995 жылы сызу, бейне өнері және қолданбалы қызметі мамандығы бойынша Қарағанды педагогикалық институтын; -2001 жылы әскери және әкімшілік басқару мамандығы бойынша Ресей Федерациясының ТЖМ азаматтық қорғаныс Академиясын аяқтаған. Подполковник М.Қ. Қатпанов Төтенше жағдайлар жүйесінде 1996 жылдың тамыз айынан бастап келесі лауазымдарда әскери қызметін атқаруда: Қарағанды облысының АҚ курстарының оқытушысы, жетекші маман, жедел ден қою бөлімінің орынбасары. 2002 - 2004 жылдары Ақмола облысының ТЖ алдын алу бөлімінің аға офицері лауазымында кызмет атқарды. 2004 жылы Қарағанды облысының ТЖ басқармасының жедел ден қою және шараларды жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары қызметіне ауыстырылды. 2006 жылы Қарағанды облысының ТЖД күштер мен құралдар бөлімінің бастығы, ал 2008 жылдан бастап авариялық-құтқару қызметтері басқармасының бастығы болып қызмет жасады. 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Қарағанды облысының ТЖ департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды. Подполковник М.Қ.Қатпанов ұйымдастырушылық қабілетіне ие, департаменттің жұмысын шебер ұйымдастырады. Қызмет уақытында өзін білімді, маманданған, ынталы басқарушы ретінде, жүктелген мәселелерді шешуге қабілеті бар жағынан көрсетті. Қызметтік міндеттердің орындалуына адал ниетпен қарайды. Авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарды жедел басқаруын жүзеге асырды, Департаменттің жедел тобының қызметін ұйымдастырды, авариялық-құтқару қызметтерді, құрылымдарды, құтқарушыларды аттестаттау бойынша жұмысты қадағалады. Қарағанды және Ақмола облыстары аумағындағы ірі масштабты ТЖ салдарын жоюға қатысқан. 2009 жылы Америкада Солтүстік Каролина штатында ланкестік актілердің салдарын жою бойынша оқу өтті, ал 2010 жылдың қыркүйегінде ірі масштабты жер сілкінісінің салдарын жою бойынша «Армения-2010» халықаралық жаттығуына қатысты. 2002ж. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 10 жыл», 2007ж. III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, 2008ж. «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрінің Құрмет Грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталған.
Пошталық адрес: 100027, Қарағанды қ., Г.Мустафин к., 4, тел: 8-(7212) 51-20-01
Электронды адрес: – dchs_krg@mail.ru
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымына ішкі қызмет полковнигі
Қылдыбаев Айдар Нұрғасымұлын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі №491 ж/қ бұйрығы
Қылдыбаев Айдар Нұрғасымұлы 1961 жылдың 26 сәуірінде дүниеге келген. 1983 жылы Қарағанды политехникалық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. 1990 жылдың қазанынан бастап мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет етеді. Қарағанды облысының ІІБ ӨСКБ 8-ші жеке әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт бақылау инспекторы лауазымында қызметін бастады. 1993 жылдың желтоқсанында Қарағанды облысының ІІБ ӨСКБ 125-ші мамандырылған бөлімі бастығының орынбасары - мемлекеттік өрт бақылау тобының жетекшісі болып тағайындалды. 1996 жылдың сәуір айынан Қарағанды облысының ІІБ ӨСКБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы. 1997 жылғы шілдеде Қарағанды облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет бастығының орынбасары болып тағайындалды. 2005 жылдың ақпанында ҚР ТЖМ Мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті төрағасының бұйрығымен “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша филиалының бастығы болып тағайындалған. 2006 жылдың қыркүйек айында Қарағанды облысының Өртке қарсы қызмет департаментінің бастығы болып тағайындалды. ТЖМ бағынышты органдарының қайта құрылуына байланысты 2008 жылдың қыркүйек айында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды. 2006 жылы «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызмет үшін» ІІ және ІІІ дәрежелі медальдарымен марапатталды.
Почта мекен-жайы: 100008, Қарағанды қ., Ерубаев көшесі, 25, 8-(3212) 41-30-03
Электронды мекен-жай: – oapo@fireman.kz
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымына Пфаргер Владимир Владимировичті тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің
2008 жылғы 19 қыркүйектегі №491 ж/қ бұйрығы
Пфаргер Владимир Владимирович 1951 жылы 13 желтоқсанда дүниеге келген. 1974 жылы Қарағанды политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. В.В. Пфаргер өзінің еңбек жолын «Қарағандыкөмір» комбинатының Костенко атындағы шахтасында 4-ші разрядты жерасты ұңғымашысы болып бастап, 1978 жылдың шілдесіне дейін бастықтың жерастылық орынбасарына дейін қызмет еткен. 1978 жылдан бастап 1993 жылға дейін Қарағанды аймағының Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау басқармасында тау-кен техникалық инспекторы болып жұмыс істеген. 1993 жылдың мамыр айында Қарағанды көмір өнеркәсібінде тау-кен техникалық инспекциясы бастығы орынбасарының міндеттерін атқарушы, ал 1994 жылдың мамырында Қарағанды көмір өнеркәсібінде аймақ бастығының орынбасары – тау-кен техникалық инспекциясының бастығы болып тағайындалды. 1997 жылдың қаңтарынан 2005 жылдың наурызына дейін В.В. Пфаргер Қарағанды облысының төтенше жағдайлар басқармасында Көмір және өнеркәсіптің басқа салаларын қадағалау бойынша бөлім бастығы, облыстық мемлекеттік инспекция бастығының орынбасары, Карағанды салааралық инспекция бөлімінің бастығы-мемлекеттік инспекторы лауазымдарында жұмыс істеген. 2005 жылдың наурызында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалған, ал 2006 жылдың қыркүйек айында – облыстың Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы бастығының орынбасары – мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті. 2007 жылдың наурызында В.В. Пфаргер Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасын басқарды. ТЖМ бағынышты органдарының қайта құрылуына байланысты 2008 жылдың қыркүйек айында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды. В.В. Пфаргер «Шахтер даңқы» төсбелгісінің толық кавалері, «Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері» атағын алған.
Почта мекен-жайы: 100027, Қарағанды қ., Ғ. Мұстафин көшесі, 4, 8-(7212) 51-20-01
Электронды мекен-жай: – dchs_krg@mail.ru
|