Зымырантасығыш бөлшектерінің құлауымен байланысты авариялық жағдай болған кезде, Қарағанды облысының ТЖ департаменті ескертеді:
- гептил - бұл жоғары ұшу, көшу мүмкіншілігімен және топырақтың қыртыстарында жиналуымен ерекшеленетін сұйық зымыран отыны, ағзаға түсуі өте қауіпті, КӘУЗ-ге (күшті әсер ететін улы заттарға) жатады;
- зымырантасығыштың бөлшектерін тапқан кезде жергілікті билік органдарына, 101, 102, 103, 112 телефондары арқылы қызметтерге хабарлау керек;
- зымырантасығыш бөлшектері құлаған аймаққа кіруге болмайды;
- табылған зымырантасығыш бөлшектерін ұстауға болмайды;
- қатаң өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаңыз;
- егер сіз зымырантасығыш бөлшектері құлаған аймақта болсаңыз, ол жерден жел жаққа қарай (яғни, желге қарсы жүру) тездетіп кету керек, қауіпті жерді айналып өтіңіз;
- зымырантасығыш бөлшектері құлаған аймақта орналасқан ашық су көзін ішуге болмайтындығын ұмытпаңыз;
- гептилмен улану белгілерін біліңіз және ұмытпаңыз: бас айналады, жүрек айнушылық, тамақ жыбырлайды, жөтел пайда болады, көз ашып ауырады. Осы белгілер пайда болған кезде тыныштандыратын құралдарды ішіп (тау жалбызы тұнбасын, валерьянка және т.б.), тез арада дәрігерге бару керек;
-уақытша эвакуацияға дайын болу керек, яғни үйден, пәтерден кету. Өзіңізбен бірге құжаттарыңызды, құнды заттарды және алғашқы уақытқа қажетті заттарды, сонымен қатар азық-түлікті алуды ұмытпаңыз;
- әрдайым өз денсаулығыңызды бақылап отырыңыз.
|