Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қалиақпаров Ердос Мырзаханұлы


Калиакпаров Ердос

«Восток-3» шағын ауданында орналасқан №18 үйді қалың түтін басты. Тұншықтырғыш қара газ №114 пәтердің есігінің және терезелердегі сәл ғана саңылаулардан кіріп жатты. Сансыз тұрғындар өрттің иісін сезіп, баспалдақ алаңшаларына және үй ауласына жинала бастады. «Бала!» - деген ой бірнеше көршінің есіне сап ете түсті. Пәтердің иесі жұмысқа кеткенде үйге күні бойына төрт жасар ұл баланы қалдырып кететінін көбісі білетін. «Дереу өрт сөндіру қызметіне телефон соғыңыздар!» - деп бірнеше еркек жанып жатқан пәтер есігін сындыруға алтыншы қабатқа жүгірді.

Осы кезде №7 өрт сөндіру бөлімінде нормативтерді пысықтау өткізіліп жатты. Оқу процесін дабыл үзді. 2008 жылғы 4 маусымда сағат 12:25 Восток-3, 18 үй, 114 пәтер мекенжайы бойынша шақыру түсті. Кезекші қарауыл бірден оқиға орнына шықты.

Жолда келе жатып, қарауыл бастығы Ердос Қалиақпаров қауіптің эпицентріндегі бала туралы білді. Бірнеше минуттан кейін көлік керек үйге келді. Өққ аға лейтенанты балконнан тек түтін шығып жатқанын ғана емес, ағаш арқалықтар отпен қоршалғанын алыстан көрді. Басында келесі әрекеттердің жоспары туды:

«Бірінші бөлім – аппараттарға қосылыңдар! Екінші бөлім – электр энергиясын сөндіріп, аппараттарға қосылыңдар! Балконға автосатыны орнатындар!»

Ердостың басқаруымен газқағар киген бірінші бөлім төртінші қабатқа жүгіріп шықты. Ол жерде бірнеше минут бойы көршілер есікті бұза алмай тұрды. Оларға өрт сөндірушілер қосылды. Ердос есікке тақалып, тыңдады. Есіктің арғы жағында бала жылап жатты.

«Жылама, балақай, - деп қарауыл бастығы айғай салды, - еденге жат, ал біз сені қазір құтқарамыз».

«Ағатайлар, мені тастамаңыздар! – деп бала жылады, - мен қорқамын, жан-жағым бәрі жанып жатыр!». Тағы бірнеше тыныштандыратын сөз айтып, Ердос далаға жүгірді. Сол уақытқа дейін темір есік берілген жоқ, жалпы жігермен тек қана кішкентай тесік жасауға қол жеткізді. Ол тесіктен түтін одан сайын шықты, бұл жағдай пәтердің түтінге толғанын көрсетті. Аулада Ердосты тағы бір жағдай күтіп тұрды – мол өсімдіктен автосатыны балконға орнату мүмкіндігі болмады.

Ойлануға уақыт болмады. Екі бала тәрбиелеген Қалиақпаров көмек сұрап тұрған баладан басқа ешнәрсені ойлай алмады. Екінші бөлімнің көмегімен Ердос шабуыл жасайтын сатыны орнатып, төртінші қабатқа көтеріле бастады. Астында Медеу Камалиденұлы Маденов сақтандыру құрылғысы туралы айғалап жатты. Бірақ қарауыл бастығы өзінің мақсатына қарай беттеді. Екінші қабаттағы терезені сындырып алды, бірақ ол адам өмірімен теңеспейді. Жерден оқпанды беріп, жалында азайтты. Ердос пәтердің ішіне кірді, бірақ бірнеше секундтан соң жөтеліп, балконға жүгіріп шықты. Демалып, су берген кезде суланған касканың астынан киілетінді шешіп, сонымен бетін жауып, пәтерге жорғалап кірді.

Пәтерде жым-жырт, басында неше түрлі қорқынышты ойлар өтті, бірақ Ердос сонда да баланы шақырды. Жауап болған жоқ. Ол қаттырақ шақырды. Бала дыбыс берді. Ол өрт сөндірушіден бір-бір жарым метр ара қашықтықта тұрды, еркекті көріп, соған қарай жүгіріп, мойынан құшақтап алды. Бағалы жүкті қолына мықтап ұстап, Қалиақпаров баланы балконға шығарды. Онда оны Маденов алып, өрт сөндірушілер бір-біріне беріп жерге түсірді. Кішкентай Сергей сандырақтағанмен, бірақ жарақаттанған жоқ.

Мойыннан ауыр жүк түскендей болды. Әрі қарай қарауыл бастығы жеңілденіп пәтерді барлауды бастады. Барлық тірі жандар құтқарылмағандығы анықталды. Кішкентай ит бұрышқа тығылып, қыңсылап отырды. Өзін құтқарғаны үшін ол да Ердос Қалиақпаровқа борышты.

Осы уақытта барлық кезекші қарауыл отпен күресіп жатты.

Кейін анықтаушылар жану балконнан басталғанын, ал өрт себебі баланың отпен ойнауынан болғанын анықтайды...

Ерлігі үшін №7 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері өққ аға лейтенанты Қалиақпаров Ердос Мырзаханұлын наградаға ұсынады.

Біздің батыр бұрынғы Жезқазған облысының Ақтоғай ауданында туып өскен. 1990 жылдан 1992 жылға дейін әскерде болды, содан соң кәсіби өрт сөндіру бөліміне жұмысқа тұрды. 1998 жылы бөлімді әскерилендірді. Кәсіби өтілі 10 жыл. Е.М. Қалиақпаров жұмыс уақытында өзін ұқыпты және жауапты қызметкер екендігін көрсетті. Өрт сөндіру кезінде тайсалмай және тайынбай әрекет жасайды. 35-тен артық өрт сөндіруге қатысты, 30 оқиғада өрт сөндірудің бірінші жетекшісі болды. Бірнеше рет түтінделген бөлмелерде жұмыс істеген.

Ердостың өрттен адамды құтқарғаны бірінші рет емес екендігін айта кету керек. Ақтоғайда тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде адамды құтқарған.

- Ол кезде газқағарлар болған жоқ, - деп Ердос еске түсіреді, - осы кездегідей касканың астынан киілетінді суладық. Отқа кірдік. Тіркеумен жылжып келе жатқанда адамға ұрындық. Біз оны далаға шығарып, көршілерге тапсырдық. Барлау жұмысын жалғастырдық. Түтінде адасып кеттік, алдында келе жатқан өрт сөндіруші тағы бірдеңеге ұрынды. Қимылсыз денені көтеріп, далаға шығардық. Сонда анықталды, біз тағы сол адамды құтқарыппыз. Үйдің иесі мас күйінде болып бірінші құтқарудан кейін көршілерден босап кетіп, дүниесін құтқаруға жүгірген, бірақ улы газбен уланып есінен айрылған. Сонымен біз тағы да соған ұрындық. Енді біз оны милиция мен дәрігерлердің қолына беріп, өзіміз өртті сөндірдік, - деп Қалиақпаров аяқтады.

 





Кері қайту