Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Пиротехникалық бұйымдардарды қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары


Жаңа жыл және рождестволық мейрамдарды жарқыраған бенгал оттар, күтпеген сыйлық пен шулы шартылдақтар, аспанға ататын түрлі-түсті салюттерсіз елестету қиын. Өзімді, туған-туысқандарымды және достарымды жарқыраған әсемдікпен қуантқым келеді! Көптеген жалынды әсемдіктердің қайсысы сіздің мерекеңізге жақсы келеді? Жарқыраған көріністі қалай қауіпсіз қылып істеу керек?

Сұрақтың тарихы
Көптеген заттар сияқты, фейерверк та Қытайда жасалып шығарылған. Ертедегі аңыз бойынша, бір аспазшы егер тұзды, күкіртті және көмірді араластырса, жай отынға қарағанда мұндай қоспа лаулап жанатындығын кездейсоқ байқап қалады. Тапқыр адам осындай қоспаны бамбук бағанасына салып, бірінші отты шартылдақты жасап көрген. Тез арада жаңалық барлық елге тарады, содан кейін оны мерекелерде пайдалана бастады.
Италияндық саяхатшысы Марко Полоның арқасында қытай жерінен Европаға әкеледі, мұнда экзотикалық таңқаларлық ғажайыпты барлық европаның ақсүйектері ғана емес, сонымен бірге әскери қызметкерлер де бағалаған. Жарқыраған көрініс әскери жеңістерді тойлаудың ажырамас бөлігіне айналады.
Қытайларға қарағанда европалықтар фейерверктердің түстерін емес, конструкциясын ойлап шығаруда. Өнертапқыштардың қиялдары шексіз. Салтанатты мерекелерге аспанда таурат сюжеттерін және әскери ұрыстар көрінісін отта іске асырған, сарқырамалар мен фонтандарды, күркелері бар сарайларды «күйдіріп салуды» ойлап шығарған. Осындай көріністердің қандай әсерлі, керемет екендігін елестетіп көріңіз!
Бірақ, түрлі-түсті от жарқылдарын ұнататын қазіргі заманның адамдарына бұрынғы заманға қызығушылықпен қараудың қажеті жоқ. Қазір фейерверктердің түрлері өте көп, кез-келген талғамға, үлкен ашық алаңдарға және орын-жайларға арналған. Тек қана таңдай біл!

Жалған жасауларды «анықтаймыз».
Фейерверктердің барлық түрлері сол немесе басқа дәрежеде қауіпті. Өкінішке орай, фейерверкті сатып алған жерде тексеріп алуға болмайды, сондықтан сапасын тексеру үшін орауын жақсылап қарап алу керек.
- Ең алдымен, орауы бүтін ашылмаған болу керек. Егер орамасы қағаздан жасалған болса, дымқылданбағандығын тексеріп алыңыз. «Топан судан» кейін қағаз кедір-бұдыр, бояулары салтақ болады. Су тиген фейерверкті сатып алудың қажеті жоқ, ол жанбай қалуы мүмкін.
- Фейерверк тасымалдау барысында зақымдалмағанын тексеріп алыңыз. Қолыңызды созып тұрып, ораманы кішкене сілку қажет: егер оның ішінен оқ-дәрісі шашылып жатса – онда құрал тасымалдау кезінде зақымдалған. Оқ-дәрісінің кішкене шашылуы мүмкін, бірақ шектеулі көлеммен.
- Маркаларына назар аударыңыз. Бірақ, фейерверктердің көбісі Қытайда жасалып шығарылған, сапалы тауардың орамасында міндетті түрде ГОСТ нөмірі, сонымен бірге тауардың отандық өндіруші немесе жеткізіп беруші (сатушы) көрсетіледі. Егер осындай мәліметтер көрсетілмесе, онда өнім заңсыз шығарылып сатылады және оны сатып алуға болмайды.
- Фейерверктің міндетті түрде қолдану бойынша мемлекеттік тілде жазылған нұсқауы болуы керек.
- Маңызды ақпараты – сақталу мерзімі. Сақталу мерзімі көрсетілмеген, өтіп кеткен немесе аяқталып қалған өнімді сатып алмаңыз.
- Барлық пиротехникалық өнім сертификатталуы қажет. Сапа сертификаты сатушыда сақталады.
- Сапасына және қауіпсіздігіне күдіктенбеу үшін, фейерверкті базардағы күдікті сатушылардан емес, фирмалық дүкендерден сатып алу керек.

Кездесу орны
Фейерверк үшін орынды алдын ала дайындау керек. Ең жақсы нұсқасы – 10 метр радиуста ағаштар өспейтін, түнгі фонарлардың электр сымдары жоқ үлкен ашық алаң. Осы учаскеде құрылыс, ал 50 метр радиуста – автокөлік тұрағы, гараждар, ағаш салымдар болмау керек. Маңызды нәрселердің бірі жанұяңыз бен достарыңыздың қауіпсіз орналасуы болып табылады. Ең алдымен көрушілердің қауіпсіздігін қаматамсыз ету керек, содан кейін ғана жақсы көрініс пен ыңғайлылық. Көрініс күйіктің иісінен немесе жанбай қалған пиротехникалық өнімнің бөлшектері бастарына құлап, көңілдерін түсірмеу үшін отты көріністің эпицентрінен көрушілер 15-20 метр жерде жел жақтан тұрғанда бірінші мәселе жақсы шешіледі. Көрініс – егер фейерверкті мегаполис оттарынан алыс қаланың сыртына, ағаштар, биік ғимараттар және бағаналар кедергі тигізбесе бұл да проблема емес.

Ереже бойынша тұтатамыз
Фейерверктерді екі үлкен топқа бөлуге болады: жай және күрделі. Жай фейерверктерді пайдалануға арнайы білім және дағды қажет емес. Осындай заттарды нұсқауын назар қойып оқып шықса, техника қауіпсіздігін сақтаса, еш қиындықсыз өз бетімен пайдалануға болады. Күрделі фейерверктер - көңіл көтеру пиротехникаларының кәсіби түрі. Олардың сақталуы және пайдалануы қауіптің жоғары дәрежесімен байланысты, және маман емес адам оған шоуды қызықтаушы ретінде ғана қатыса алады. Жай дүкенде сіз ондай фейерверкті сатып ала алмайсыз.
Ал көрейік, қандай фейерверктердің түрлеріне біз қол жеткізе аламыз және көрініс бізге жағымды әсер тигізу үшін не істеу қажет.

Шартылдақтар – жаңа жыл фейерверктерінің ең көп тараған түрі. Сонымен бірге, ең қауіпсіз. Оларды қағаз немесе пластик цилиндрдан жасайды. Жібінен тартып қалған кезде ішіндегі үйкелісінен пиротехникалық құрамы жана бастайды және шартылдақтан түрлі-түсті конфеттилерді, серпантинді шашады.
Қауіпсіздік ережелері жай фейерверктерге де бар: оны адамның бетіне қаратып емес, жоғарыға қаратып ұстау керек (мұндай әзіл көздің көруіне әсер тигізуі мүмкін); шартылдақты шамның және басқада от көздерінің жанында пайдалануға болмайды – қолайсыздыққа ұшырататын өрт.

Бенгал шамы - шартылдақтарға қарағанда көпшілікке белгілі. Оларсыз жаңа жыл мерекелері өтпейді. Қазір көптеген сапалы өнімдерде тұтатуды жеңілдету үшін ұштар жасалған. Қолдарын күйдірмей және ыстық шлакты еденге түсірмей, оларды бір сіріңкемен ғана тұтауға болады.
Қауіпсіздік ережелері. Түрлі-түсті бенгал оттары жану процесінде зиянды тотықты бөледі, сондықтан оларды ашық ауада тұтатқан дұрыс немесе тез арада орын-жайды желдетіп алу керек.

Петардалар. Қатты шартыл және ашық заряд – бұл петардалардың халық арасындағы үлкен сұранысқа ие болуының құпиясы. Олардың кейбіреулерін сіріңкенің қорабына тұтатуға болады. Кейбіреулерін фитилін тұтатып атуға болады. Құрама әсерлі петардалар атар алдында егер көрушілер он немесе он бір жастағы балалар болса, оларды қуанышқа кенелте айналуы, секіруі, жоғарыға ұшуы мүмкін.
Қауіпсіздік ережелері. Егер сіз орамасын пайдаланғанға дейін бұзбасаңыз, петардалар қауіпсіз болады; олардан 5-6 метрге алыс тұрыңыз; нұсқауда айтылғандай орнатыңыз. Тұтатқаннан кейін қолда ұстап тұруға болмайды. Бөтелкенің, шелектің, банканың ішіне, жануарларға, адамдарға қарай тастауға мүлдем болмайды.

Рим шамы – ұзын картоннан жасалған түтікше, жоғарғы жағында фитиль орналасады, ал ішінде жай жанатын пиротехникалық құрамы және жұлдызшалар болады. Ол тек далада ғана қолданылады. Тұтанғаннан кейін шам жарқыраған және дыбысты әсерлер жасай отырып, жоғарыға жанған жұлдызшаларды атады.
Қауіпсіздік ережелері. Рим шамдарын тік орнатып, қазыққа байлап қою керек, қолда ұстау өте қауіпті. Тәуекелге бармаңыз!

Фонтандар, жанар таулар және пішінді шамдар Олардың ең басты әсері - жарық ұшқындар ағыны. Фонтандардың жұмыс істеу уақыты бірнеше секундттардан 2-3 минутқа дейін. Фонтандар мен пішінді шамдар отты бейнелерді немесе түрлі-түсті суреттерді және жазулар үшін пайдаланылады. Осындай фейерверктердің түрлерін тек қана ашық ауада пайдалану керек. Орын-жайларда үлкен емес түтінді аз шығаратын фонтандарды пайдалануға болады, пайдалану бойынша нұсқауларында орын-жайда пайдалану мүмкіндіктері туралы нақты жазылу керек.
Қауіпсіздік ережелері. Фонтандарды, жанар тауларды және шамдарды сөндіруге тырыспаңыз! Ұшқын құрғақ немесе жанғыш затқа тиіп тұтанбайтын жерде ғана қолдануға болады.

Салют – бұл қағаздан немесе металдан жасалған, 30 метр биіктікке «парашют» немесе «жұлдызшалар» ататын гильза. Салюттер әр түрлі әсерлі бірнеше ондық гильзалармен батареяларға біріктіріледі. Осындай жағдайда балалық шақтағы мерекелік салютке ұқсайды.
Қауіпсіздік ережелері. Салютті аударылып қалып, адамаға атып жібермеу үшін жерге орнатып, жақсылап бекіту керек. Мамандар салюттердің батареясының жерге бекітілген жерін топырақпен немесе қармен жауып тастауды ұсынады. Мұздың үстіне орнатуға болмайды.

Зымыран – бұл «күшейтілген» фейерверк, 20 метрден 100 м дейін артында із қалдырмай тез ұшады, сол кезде пиротехникалық құрамы тұтанады, содан кейін зымыран түрлі-түсті салют атып, жарық ұшқындарын, парашюттарын, қатты шартылдап шашады.
Қауіпсіздік ережелері. Зымыранның күштілігінен онымен ерекше абай болу керек. Зымыранды жерге емес, мойны жіңішке бөтелкеге немесе темір құбырдың кесіндісінің 1/3 бөлігінің ішіне салып орнату керек (ол ұшпай жерде салют атуы мүмкін).

Күн - горизонтальды осьті айналатын, жан-жағына ұшқын шашатын, түрлі-түсті шеңбер жасайтын өте әсерлі фейерверк. Сатылымда бұйым шегемен бірге сатылады. Ол күннің ортасындағы саңылауға кигізіліп, 1,5 метрден кем емес биіктікте тік тірекке шегеленеді. Тіректі ағаштан жасауға болады.
Қауіпсіздік ережелері. Оны тек қана далада жағыңыз. Күнді орнату кезінде оның айналуына кедергі тигізбейтіндігін тексеріңіз.

Орындау өнері

Мереке шынында да жақсы өту үшін үйдің ішінде ататын фейерверктер де шығармашылық ерекшелікті қажет етеді. Мерекені жоспарлай отырып, құмарлығыңызды жоғалтпаңыз. Сонымен өткен жылды шығарып саларда бенгал шамдарын жағуға болады. Сағаттың тілдері 12-ні соққан кезде шартылдақтарды, содан кейін жаңа жылдың бірінші минуттарында далаға шығып, фонтандарды атыңыздар. Көрушілерді таңқалдыру үшін көріністер біртіндеп ұлғая беру керек. Барлық түрлі-түсті шоуларда продюсерлер осындай тәсілді қолданады. Екінші маңызды бір мәселе – фейерверктердің ұзақтығы. Көріністі кеш бойы қолдануға болмайды. Фейерверк – жарқын әсер, бірақ қысқа. Тәжірибе көрсеткендей, көрушілер оны 10-20 минуттан артық қызықтамайды. Сондықтан рақатқа батуға және демалуға уақыт бөле отырып, мерекеңізді алдын ала жоспарлаңыз.

«Істеуге болмайтын» 8 ереже:

1. Ақаулы пиротехникалық өнімдерді пайдалануға: жыртылған, майысқан, дымқылданған, сырты немесе фитилі зақымдан;
2. Фейерверктерді қалтаға салып жүруге, оларды алауда жағуға, бөлшектеп оларға механикалық әсер етуге;
3. Мас күйінде пиротехникалық өнімдермен көңіл көтеруге және олардың жанында шылым шегуге;
4. Жылынатын аспаптардың жанында сақтауға;
5. Ағаш бұталарының, электр сымдарының астында және тез жанғыш заттардың жанында фейерверкті қолдануға;
6. Фитильді тұтату кезінде пиротехникалық құралға еңкеюге болмайды;
7. Істемей қалған құралды екінші рет тұтатуға;
8. Үлкендерсіз балаларға қолдануға.




Кері қайту