Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Негізгі қызмет

22 қараша 2016
ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы бойынша «Апаттар Медицина Орталығы» мемлекеттік мекемесінің филиалы  Қарағанды қ. Терешкова 28 мекен-жайы бойынша орналасқан.

Филиал табиғи және техногенді төтенше жағдай кезіндегі жедел білікті медициналық көмек көрсетуде мамандандырылған жедел тобының қызметкерлері және облыс аумағындағы оқиғалардың анализін жүргізетін кезекші-диспетчерлік пункті тәулік бойы әрдайым дайындық тәртібінде кезекшілік атқарады. 
Күндізгі уақытта ЖЕБ құрамына зардап шеккендер мен олардың туысқандарына кәсіби жедел психологиялық көмек көрсететін психолог-кеңесші кіреді. Оған қоса, тегін және жасырын түрде психологиялық көмекті «сенім телефоны» арқылы алуға болады: 8(7212) 56-59-88. 

Филиалдың штаттық саны 21 адамды құрайды. 

Медициналық және психологиялық көмектен тыс филиал белсенді санитарлы-ағартушылық және оқу жұмысын жүргізеді. Қазіргі уақытқа сай жабдықтандырылған оқу кабинеті шұғыл түрде медициналық көмекті талап ететін түрлі жағдайлардың үлгісімен  жасап шығаруға көмектеседі, ал компьютерленген жүйе оқушы істерін бағалауға мүмкіншілік береді.

«Саламаты Қазақстан» бағдарламасы бойынша республикалық мағынасы бар автожолдарының ең апатты аумақтарында 7 жол дәрігерлік-құтқару бекеті (ЖДҚБ) жұмыс істейді. ЖДҚБ арқасында ЖКО зардап шеккендер «Алтын сағат» шеңберінде жедел медициналық көмек ала алады. Осының арқасында жол бойындағы қаза табу мен мүгедек болу санын азайтуға мүмкіндік берді.
ЖДҚБ ЖЕБ құрамына дәрігерлермен бірге құтқарушы және жүргізуші-құтқарушы кіреді,  олардың арқасында зардап шеккендерді автомобильдерден жедел түрде өзге құрамдарды жұмылдырмай шығара алады. 

ЖДҚБ келесі автожол аймақтарында орналасқан:
«Алматы-Екатеринбург» тасжолы:
ЖДҚБ «Сарышаған» автожолының 505 км;
ЖДҚБ «Балқаш» автожолының  636 км;
ЖДҚБ «Акшатау» автожолының 784 км;
ЖДҚБ «Ақсу-Аюлы» автожолының 923 км.
«Қызылорда – Павлодар» тасжолы:
ЖДҚБ «Ақтүбек» автожолының 709 км;
ЖДҚБ «Молодежный» автожолының 1070км.
«Қарағанды – Аягөз» тасжолы:
ЖДБҚ «Матақ» автожолының 139 км.


Кері қайту