Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Өттің бе қайран, дәуренім немесе Мұқағалидің ақтық жыры

7 қараша 2013

Өттің бе қайран, дәуренім немесе Мұқағалидің ақтық жыры

Сезімді сырлы бүкпедім,
Кесімді сөзге тоқтадым.
Күрмеуі қиын жіп дедің,
Үрлеуі қиын шоқ дедің.
Өлеңнен өзге, дәурен-ау,
Байлығым басқа жоқ менің.

Ойларым - отты жыр қамы,
Кессең де жоннан таспа да.
Нұсқаға алма тұлғаны
Ұқсайсың деме басқаға.
Бағалап дұшпан, ал досым
Табалап жатса- масқара.

Өттің-ау жалған, дүние
Қашаннан қырын қарап ең.
Жырыма енді кім ие?
Қалайша қидың,қара өлең?
Хантәңірідей қастерлі
Дара шың едің, дарам ең.

Қарасаз қалды мұң басып
Қара жер құшақ жайып тұр.
Өмірім , болдың тым асық
Көңілім толдың, ғайып бол.
Қаныммен өлең жазайын
Жаныммен төлеп айыппұл.

Бұлт болып сірә кетермін
Шалғыдай шыңды ораған.
Арманға асыл жетер кім?
Айттым ба, бауыр, шолақ ән.
Айтарым әсте көп еді,
Ғұмыры мәңгі жоқ адам.

Санаулы сағат, әр сәтім
Саналып қойған о баста.
Алысып жүріп, шаршадым
Алысқа тәңір ,жол баста.
Жазылмай кеткен жырларды
Жазармын мәңгі қол боста.

Өттің бе, қайран дәуренім?
Өттің ғой тартыс күреспен.
Көрсеттім көпке әуре мың.
Сайтанға да ілескем.
Жетпесін құрсын несібе,
Кетпесін бірақ жыр естен.
Кетпесін мәңгі жыр естен.

Еңсебаев Бейбіт Көбейсінұлы, Қарағанды облысының ТЖД Жезқазған қ. ТЖБ

 



Кері қайту