Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Құрсағынан шыққанмын құнар-жырдың

Құрсағынан шыққанмын құнар-жырдың

Құдайым-ау, өлеңге құмар қылдың
Құрсағынан шыққанмын құнар жырдың
Құндақталғам туған жер құрағына
Құндылығын халқымның тұмар қылдым.

Құлагердің өрбігем кіндігінен.
Құлынымын, қанатын күн білеген.
Құлақ қойсам күйлерге құлшынамын
Құйылады күш-қуат күмбірінен.

Құрықтауға көнбеймін, асау едім
Құлыпталмас есігім, аша бергін.
Құралақан емеспін құрметіңнен
Құланиек ақ таңым, ата бергін.

Құмдауыттың қына гүл жусанымын
Құла белдің құс болып қу сағымын.
Құлантаза айығып кетер едім,
Құшырлана шайнасам құм сағызын.

Құлқынымның келемін құлы болмай
Құр тірлігің жүреді құны толмай.
Құдіретті қара өлең, жебей көрші
Құланжортпас даланың ұлын қорғай.

Құшақ жая қарсы алам бар кісімді.
Құзғын емен беретін намысымды.
Құмқайрақта айқастым ата жаумен
Құрыш білек бабамдай нар мүсінді.

Құмай өлең, ұстатпай құйрық жалын
Құшағыма құт болып құйылмадың.
Құс жолында жоқ іздеп қиялым жүр
Құса болу тәңірден бұйырғаны.

Құба –жонға қарап күн қырын бүгін
Құлазуда қу дала, бұлыңғыр күн.
Құдайым-ау, өлеңге құмар қылдың
Құрдымға сіңе көрме, құлын-жырым.

Еңсебаев Бейбіт Көбейсінұлы, Қарағанды облысының ТЖД Жезқазған қ. ТЖБ



Кері қайту