Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Балабашин Роман Олегович

22 қараша 2016
Қарағанды облысының «Өрт сөндіруші» АҚФ 1-ші отряд 14-ші ӨСБ қарауыл бастығы Роман Олегович Балабашинның
ӨМІРБАЯНЫ





Роман Олегович Балабашин 1980 жылы Талдықорған облысы, Сарқанд ауданы, Покатиловка ауылында дүниеге келді. 1987 жылы Балабашиндар жанұясы Саратов облысы, Аркадак ауданы, Кистендей стансасына көшті.
В сентябре 1987 жылы қыркүйек айында Кистендей стансасындағы орта мектепке 1 сыныпқа барды
1990 жылы Балабашиндар жанұясы тұрғылықты мекендеу жеріне Қарағанды облысының Теміртау қаласына көшті.  1998 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы №21 орта мектепті бітірді. Сол жылы Ә.Молдағұлова атындағы Қарағанды спорт колледжіне түсті. 2000 жылы дене шынықтыру оқытушысы, спорт жаттықтырушысы мамандығыналумен аталған колледжді бітірді.
1999 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарына шақырылды. Қызметті Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы ҚР ҚМ СК СКАО әскери бөлімінде взвод командирі лауазымында атқарды. 2001 жылы ҚР Қарулы күштер қатарынан әскерден қайтты.
2002 жылғы 19 шілдеден 2005 жылғы 01 наурызға дейін Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет атқарды
2005 жылғы 01 наурызда мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке Қарағанды облысының «Өрт сөндіруші» АҚФ 1-ші отряд №14 өрт сөндіру бөліміне өрт сөндіруші лауазымына қабылданды. 2005 жылғы 01.05.-да бөлімше командирі лауазымына ауыстырылды, 2008 жылғы 17.01.-да сол бөлімнің қарауыл бастығы лауазымына ауыстырылды.
Үйленген: әйелі – Балабашина Галина Андреевна 1983ж.т., 2 баласы бар: қызы – Татьяна, 2003. 21.05., ұлы – Илья, 2008ж.11.01.
2012 жылы 15 мамырда, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 1 үй мекен-жайында орналасқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ агло өнім шығару  агломерация цехында өрт сөндіру кезінде Қарағанды облысының «Өрт сөндіруші» АҚФ 1-ші отряд 14-ші ӨСБ екі қызметкері қарауыл бастығы Р.О.Балабашин және аға өрт сөндіруші Т.С.Үпбаев маңызды күйген жарақат алды.
Өрт кезінде Қарағанды облысының «Өрт сөндіруші» АҚФ 1-ші отряд 14-ші ӨСБ аға өрт сөндірушісі Тұяқ Социалұлы Үпбаев қайтыс болды. 14-ші ӨСБ қарауыл бастығы Р.О.Балабашин Теміртау қалалық  ауруханасына жатқызылған 14-ші ӨСБ қарауыл бастығы Р.О.Балабашин 2012 жылғы 18 мамырда 09 сағат 40 минутта өртте алған жарақаттан қайтыс болды.
Өрт сөндіруге Теміртау және Қарағанды қалаларының бөлімшелерінен 10 өрт сөндіру автоцистерна, АЛ-30 екі авто саты, 1 АСА-20 және жеке құрамнан 55 адам жұмылдырылды. Өртті сөндіруге 6 су оқпаны берілді, 5 ГТҚҚ бөлімі әрекетке қосылды. Өртте жақын жерде орналасқан төрт өрт сөндіру гидрантына уақытында өрт сөндіру авцистернасын қондыру бойынша шаралар қолданылды, ол оқпанды алғашқы қосу кезінен бастап өрт сөндіру бойынша жұмыстар аяқталғанға дейін өрт сөндіру құралдарын толассыз беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Өрт жойылған уақытқа өрт аумағы 1000 м2 болды (тасымалдауыш таспа, агломераттың ұсақ бөлшектері, шоғырсым, конвейерлер галереясындағы ағаш есік және терезелер кәсектері және жарым-жартылай №12 жүкті ауыстырып тиейтін торап жанды).
Өрт сөндіру жетекшілері шешуші бағытын дұрыс анықтады, өрт сөндіргіш құралдарын толассыз беруді қамтамасыз етті. Жанып жатқан ғимаратта қалған әйел-қызметкерді іздеуге әр түрлі шаралар қабылданды. Сонымен бірге, жанып жатқан ғимаратқа (әйелді іздеу үшін) қызметкерлер құрамының енуіне рұқсат етпеу мақсатымен жеке құрам келіп жете салысымен барлық бағытта іздеу-құтқару жұмыстарына шұғыл кірісуге мәжбүр болды, оның ішінде қауіпті өрттің аумағына тура жақын жерде. №14 ӨСБ екі қызметкерінің қатты зақым алуына әкеліп соғуына және аса қажеттілік жағдайда жүзеге асырылған өрт сөндірушілердің әрекеттері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының Жауынгерлік жарғысының 20-шы тарауы және 5 бабының талаптарымен реттемеленген. Осы талаптарға сәйкес, өртте адамдар өмірін құтқару бірінші кезектегі орындауға жататын жауынгерлік әрекеттің маңызды түрі болып табылады.




Кері қайту