Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Құтқарушылар «Құлыншақ» балар үйінің тәлімгерлеріне Әз-Наурыз мейрамын ұйымдастырды

Көктемгі керемет «Әз-Наурыз» мейрамы мерекесінің қарсаңында Қарағанды облысының  төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Қарағанды қаласындағы «Құлыншақ» жетім балалар үйінде тәлімгер балалар үшін наурыз мейрамын ұйымдастырды. Құтқарушылардың балаларға арнаған мерекелік шаралары 20 наурыздан 24 наурызға дейін созылады.

Құтқарушылардың балаларға арналған шараларға дайындығы алдын ала басталды. Балалар үйінің ауласын мерекеге дайындап қардан тазалаған құтқарушылар аулаға алтыбақан, киіз үй, әскери палатка құрды.

20 наурыз куні 142 тәрбиеленуші балалар үшін, оның ішіндегі 60 бала мектеп жасындағы балалар киіз үй мен әскери палатка ішінде арнайы дастарқан жайылды. Дастарқан үстіне бауырсақ, ыстық тамақ, жеміс жидектер мен тәттілер салынды.

Сондай-ақ балаларға киіз үйдің қалай құрылып және қалай жиналатыны да көрсетілді. Қалаған балалар алтыбақан теуіп дән риза болып жатты. Асық та ойнап арқан да тартып үлгерген балалар құтқарушыларға деген ризашылықтарынг білдіріп жатты.

Мерекелік шараны құтқарушылардың балаларға арнаған мерекелік концерті әрлендіре түсті. Тәрбиеленуші балалар да келген қонақтарды құр қол қарсы алмай өздерінің қонақтарға арналған шағын концерті мен қойылымын ұсынды.

Қарағанды облысының ТЖД жедел құтқару жасағының кинология қызметі де бұл жолы балаларға өздерінің керемет ақылды иттерін әкеліп таныстырды. Төрт аяқты адамның досы балаларға өздерінің өнерлерін көрсетті.   

21 наурыз күні құтқарушылар балаларға арнап сайқы мазақтар мен балаларды ойнататын мамандарды балалар үйіне шақырады.  Сондай-ақ бүлдіршіндер құтқарушылар мен кинотеатрға да барады.

23 және 24 наурызда балаларды құтқарушылар саяси құрбан болғандар мұражайы мен сурет өнерінің мұражайына да апарады.  


Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі



Кері қайту