Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Мықты бизнес – мықты мемлекет

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Қарағанды қ. «Кіші және орта бизнесті бақылау және тексеру органдары өткізетін заңсыз тексерістерден қорғау» мәселесі бойынша отырыс өтті. Іс-шара ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының Шағын және орта бизнеске қатысты заңсыз тексерістерге қарсы штабы «Нұр Отан» партиясымен бірігіп ұйымдастырылды.

Қарағанды облысы бойынша ҚР БП ҚСжАЕКБ өкілдері мен Прокуратура басқармасының өкілдері талқыланған тақырып бойынша баяндама оқыды.

Қарағанды облысының ТЖД бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі А.Н.Қылдыбаев өзінің сөзінде біздің мемлекетіміз бизнеске байланысты реформаларды өткізу бойынша жетекші ел атанды деп атап өтті: «Қазақстан Республикасының негіз салатын қағидасы:  мықты бизнес – мықты мемлекет».

Қарағанды облысының ТЖД Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік нысандарының құқықтарын қорғау және заңдылықты сақтау бойынша, ҚР «Жемқорлықпен күрес туралы» Заңын сақтай отырып Мемлекеттік қызметкерлердің Ар – намыс кодексін сақтау жемқорлық құқық бұзушылыққа қызметкерлер арасында жол бермеуге бағытталған бірқатар жұмыстар жүргізіледі.

Департаменттің есебіне 10237 жеке кәсіпкерлік нысандары тіркелген. Департаменттің бөлімшелерімен 2014 жылда 441 кәсіпкерлік нысандар тексерілді.

Бүкіл әлемдік «Doing Business» бизнесті жүргізу бойынша рейтінгті жоғарлату үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын іске асыру мақсатында ҚР ІІМ ТЖ комитеті орта және шағын бизнес нысандар жұмыстарына әкімшілік кедергілерді төмендетуге бағытталған жұмыс жүргізілуде. ҚР ІІМ ТЖК жағынан бизнеске қысымды төмендету негізгі үш бағыт бойынша іске асырылады:

-    рұқсаттама рәсімдердің қысқартылуы;

-    мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жақсарту;

-    бақылау шараларының әділдік деңгейін жоғарылату және тексеріс сандарын қысқартуға бағытталған бақылаудың заманауи тәсілдер еңгізу арқылы.

Іс – шара барысында негізгі мәселелер талқыланып нұсқаулар берілді.



Қарағанды облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


Кері қайту