Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлерінің «Нұрлы жол – Путь в будущее» ҚР Президент Жолдауына пікірлері

Бірынғай кезекті-диспетчерлік қызмет басқармасы: «Біздің еліміз - қуатты экономикалық ел. Президент Жолдауында басымдылық еліміздің инфрақұрылымын дамытуға, жол тораптары құрылысына қойылған. Ешкімге құпия емес, біз қаншама елдерден жол сапасынан артта қалып отырмыз. Енді бұның бәрі артта қалатын болды. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Астана-Көкшетау-Петропавл жол торабы сынды Павлодардан өтетін Астанадан Өскеменге жақсы жол салу қажет. Астанадан Ақтөбеге және Каспий теңізіне. Астанадан Алматыға. Алматыдан – Өскеменге, Қарағандыдан Қызылордаға дейін, Атыраудан Астраханьға.  Уақыт талабына сай орынды қойылған тапсырма, бекітілен мерзімінде іске асады дегенге сенімдіміз. «Нұрлы жол -Путь в будущее» - бұл тек әр адамның дамуының  жеке жоспары ғана емес, бұл еліміздің гүлденуіне қойылған жалпы жоспар».


Бимағамбетов С.Н., ӨСжАҚЖҚ бастығының орынбасары: «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жодаған «Нұрлы жол – Путь в будущее» жолдауы бүгінгі таңда әлемде болып жатқан өзгерістерге байланысты уақытылы туындаған шешім. Менің ойымша, уақытылы қойылған тапсырма – еліміздің өркендеп қанатын кеңінен жаюуына септігін тигізеді. Елбасымыз айтпақшы: «Біздің ең басты міндет - тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғау. Дәл қазір біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс». Тағы бір айтып қосарым, мен үшін Елбасымыздың алға қойған тапсырмаларының ішінде ерекше көңілге қонғаны көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Істелген іс көп, бірақ еліміз үлкен. Ел экономикасы жақсы жолда, жақсы жол тораптарында алға жүреді. Соңғы уақытта осы іске көп көңіл бөлінбеді. Жаңа жол – біздің өркендеуімізге бастар жаңа бағыт екеніне сенімім мол».


Лебединская А.О., ӨҚСБжПҚБ өртті мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы: «Еліміздің Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол - Путь в будущее» Жолдауында әлеуметтік бағыттағы сұрақтарды бірінші орынға қойды. Үкімет алдында оңай емес бірақ нақты тапсырма қойылды – барлық әлеуметтік мндеттемелерді қамтамасыз ету. Біздің елімізде болашақта кең ауқымда жаңаша өзгерістерге ену үшін барлық мүмкіншіліктер бар. Алға қойылған тапсырмалар уақытынан кешікпей, тез арада оң шешімін тауып жоғары нәтиже береріне еш кедергі жоқ. Бұл біздің тарихымызда орындалған тапсырмалардың алғашқысы емес, бұл күнге дейін талай белестен көрінген еліміз, енді аянып қалмас».




Кері қайту