Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша
- fgu@fireman.kz

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

04.05.2016
Сәтбаев қаласы № 44 Өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залындаСәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі және Сәтбаев қаласы № 44 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамдарымен «Нұр Отан» Халық демократиялық партиясының Сәтбаев қаласындағы филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің төрағасы, депутат Қ.Ұ.Керімқұловтың және осы Кеңестің мүшесі, депутат М.О.Қожахметовтың қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  бойынша жиналыс өткізілді. 

Жиналыс барысында Қ.Ұ.Керімқұлов жиналысқа қатысушыларға Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының негізгі талаптарымен таныстырып, заң талаптарын бұзғаны үшін азаматтар тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Әрбір азамат мемлекеттік қызметке тұрғанда өз атына тіркелген жеке кәсіпті басқа тұлғаға сенімді басқаруға беріп, одан түскен табыстарды алуға және меншікті пәтерді заңды түрде жалға беруге болатынын айта кетті. 

Осыдан кейін, М.О.Қожахметов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде және сыбайлас жемқорлықпен жауапкершілікке тартылған адамның өзіне ғана емес, басшыларына, туыстарына және балаларына да кесірі тиетінін айтты. Сондықтан заңға қайшы бір нәрсені істер алдында жақсылап ойлану керектігіне баса назар аударды. 

Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Е. Байғазиев жиналыстың қорытындысын шығарып, бөлімдерде сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік жағдайын жасауда барлық қызметкер өз үлестерін қосуға ат салысу керектігін жеткізді. 


Сәтбаев қаласының 
№ 44 ӨСБ

Возврат к списку