Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” Мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша
- fgu@fireman.kz

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

«Қауіпсіз жаз» акциясының аясында рейд өтізілді

19.06.2017
«Қауіпсіз жаз» акциясының аясында өткен демалыс күндері ТЖ Департаменті Жергілікті полиция қызметі, Апаттар медицинасы орталығы, сонымен қатар Білім беру басқармасымен бірлесіп, Қарағанды және Теміртау қалаларындағы су қоймаларында 2017 жылдың суда шомылу маусымындағы тұрғындардың қаупсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейд өткізді. 

Жоғарыда атап айтылған органдардың қызметкерлерімен суға батқан кездегі алғашқы медициналық көмек беру бойынша іс – әрекеттері көрсетілді, тұрғындардың судағы қауіпсіздік шаралары бойынша білімдері бағалнды, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жадынамалар, буклеттер таратылды, дауысты байланыс арқылы ақпараттандыру және басқа да іс –шаралар өткізілді. 

Мұндай іс-шаралар Қарағанды облысының басқа да аудандарында өткізіледі. 

Еске саламыз, 2017 жылдың суда шомылу кезеңінің өткен мерзімі бойынша ғана 8 адам судың құрбандары болып, қайтыс болды. Осыған орай, ТЖ Департаменті сіздерге әрқашан есте сақтауға тиіс қарапайым қағидаларды ұсынамыз: 

- жүзу білмесеңіз суға беліңізден жоғары тереңдікке бармаңыз; 
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз; 
- мас күйінде суға шомылуға тыйым салынады; 
- бейтаныс орындарда суға түспеңіз; 
- жағалаудан алысқа ұзамаңыз; 
- өзіңізді үнемі бақылауда ұстаңыз; 
- түнгі уақытта шомылмаңыз; 
- үрленген жүзу құралдарына сенім артпаңыз 
- жүзу кезінде тақтайшаларды және жүзуге арналмаған заттарды пайдаланбаңыз. 

Жүзу құралдарын қолданғанда: 
- Құтқару жилетінсіз және щеңберінсіз жүзуге; 
- Қайықтың ернеуі мен тұмсығына отыруға; 
- Бір орыннан екіншісіне, сондай-ақ судағы бір қайықтан басқасына орын ауыстыруға; 
- Қайықтан суға сүңгуге; 
- Жүзу құралдарын жолаушылар сыйымдылығы мен жүккөтерімділігінен артық жүктеуге тыйым салынады; 
- Бөгендер мен бөгеттерге жақын жерлерде жүзу және қайықты көпірдің астына тоқтату қауіпті. 

Судағы қайғылы оқиғаның куәгері болған әрбір адам «жедел жәрдемнің» келуін күтпестен зардап шегушіге алғашқы көмек көрсете білуі тиіс. 

Есте сақтаңыз! Зардап шеккен адамды тыныс алуы тоқтағаннан соң 6 минут ішінде өмірге қайтарып алуға болады. 

Су аумағында демалу барысында жағалауда және суда төнуі мүмкін қауіп жайлы ұмытпау керек. 

Сақтық шараларын ұстану – судағы басты қауіпсіздік талабы. 

 Қарағанды облысының ТЖД 
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 
 
 

Возврат к списку