Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қоғамдық кеңесте Қарағанды облысының өрт қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

17.04.2018
Бүгін Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, күн тәртібіндегі сұрақтардың бірі аймақатағы өрт қауіпсіздігі болды.Қарағанды облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі И.Д. Күлшімбаев өрт қауіпсіздігі төңірегіндегі мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру туралы баяндамасымен сөз сөйледі.

« 2018 жылдың бірінші тоқсаны бойыншы 349 тексеріс жүргізілді, оның ішінде : ерекше тәртіппен - 242, жоспардан тыс – 107. Жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша 592 өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін бұзу анықталды. Бұзушылыққа жол бергені үшін ТЖ департаментімен және оның аймақтық бөлімшелерімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасалды»,-деп И.Д. Күлшімбаев атап өтті.

Кеңес барысында ТЖД бастығы міндетті өртке қарсы сақтандыруды жүргізуді және өрт қауіпсіздігі жүйесіндегі жетілдіру жолын түсіндіру, « Сау бизнес – сау экономика. Кәсіпорындардың табысты дамуы үшін жайлы жағдай жасай отырып,  біз сеніммен жайлы және сенімді мемлекет құра аламыз.
Бұның бәрі , сайып келшенде , біздің Республика халқының өмір деңгейінің сапалы өсуіне мүмкіндік береді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев  өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында айтып  өткендей, Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бері  өршіл мақсаттарды қойып қана қоймай, сонымен қатар оларға қол жеткізді»,- деп атап өтті.

Сондай-ақ, И.Д. Күлшімбаев қатысушыларға өрт жағдайы  талдауын жеткізді. Қарағанды облысы аймағында 2018 жылдың бірінші тоқсанында 371 өрт тіркелген. Өрттердің басым саны тұрғын секторларда болған – 243 өрт. Көлік құралдарында  71 өрт болды,  әкімшілік- қоғамдық ғимараттардағы өрттер  - 13, өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардағы өрт – 17, ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрт – 2. Сауда кәсіпорындарда 12 өрт тіркелді.

Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар берілді, материалдық- техникалық жабдықтандыруға баса назар аударылды.

 Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі


Возврат к списку