#
Департамент по чрезвычайным
ситуациям Карагандинской области
#
Экстренная информация

Книги памяти

Перейти
#
Подписка
Почта:

Департамент по чрезвычайным ситуациям Карагандинской области
- [email protected]

ГУ "Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ по Карагандинской области
- [email protected]

Филиал АО «Орт сондіруші» Карагандинской области
- [email protected]

Мы в социальных сетях:
Адреса:

ДЧС - 100027, г.Караганда, ул.Мустафина, 4. Телефон приемной 8(7212) 512001.

ГУ "СПиАСР" - 100048, г.Караганда, ул.Ерубаева, 25. Телефон приемной 8(7212) 413003.

ФАО «Өрт сөндіруші» Карагандинской области – 100017, г.Караганда, ул.Мустафина, 7/2

Напишите нам
Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*
Версия для слабовидящих #

«Нұрлы жол» - жаңа бағыт

Жақында жария болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы жер жерде халық ықыласына бөленуде. Біз қызмет ететін, Ұлытау ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №2 жасақ №49,48 ӨСБ қызметкерлері де, Жолдауда көтерілген бағдарламаларды талқылауға байланысты жиын  өтіп, кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың ақпан айында, «Нұр Отан» партиясының Ұлытау ауданы бойынша филиалы төрағасының орынбасары Ж.Бабатаев бөлім қызметкерлеріне,  Жолдауда еліміздің барлық бағытта жемісті дамуы жайында нақты мақсаттар атап көрсетілгенін айтты.  Дүние өте шапшаң өзгерістер үстінде. Сондықтан да  Елбасымыз саяси  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жаңа жобасын ұсынды. 

Ел тарихы есте қаларлық айшықты  оқиғалармен  толысып, тәуелсіз еліміздің  іргесі бұрынғыдан да  нығая  түсуі, әлемдік  экономикалық форум  рейтингінде қазақ елінің өсу деңгейі көтеріліп, дүниежүзі  мемлекеттерінің  арасында  өзіндік орны бар, тұғырлы мемлекет екендігін тағы бір мәрте көрсете білді. 

Сонымен қатар алда халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін  Астана қаласында өткізу. Әрине, осының әрқайсысы – егемен еліміздің жылдар бойы алған асулары мен биік белестері. Бұл-Қазақстанның  әлемдік  аренадағы  ғаламат беделінің көрінісі.
Әрбір қазақстандық Елбасының  жылдағы дәстүрлі Жолдауынынан  бастама, жаңа бағыт, жаңа  міндеттермен қатар еліне, туған халқына деген жаңа қамқорлықтың, жақсылықтың нышанын күтеді.
Себебі, саяси салмағы  бар зор  құжаттарда  мемлекет  дамуы, оның стратегиялық мақсат-міндеттері жан-жақты қамтылды.

Жаңа қазақстандық патриотизм-біздің көпұлтты және көпконфессиялы  қоғамымыз табысының негізі Қазақстандық патриотизмнің тұғыры көпұлтты  еліміздің  теңдігі мен  бірлігінің Отанға деген  ортақ  сүйіспеншілігінде жатыр. Біздің елімізде  ұлт пен ұлыстарға қысым көрсетуге, этностық белгісі бойынша  қысым жасауға, кемсітуге жол берілмейді. Біз жаңа Қазақстандық патриотизмді  қалыптастыруымыз қажет. Ол үшін біз балабақшадан  бастап  Қазақ  мемлекетінің болашақ  азаматтарының бойына Отанға , ата- анаға, деген құрмет  қағидасын ұялатуымыз керек. Тәуелсіз еліміздің Туына, Әнұранға деген сый-құрметті оны қадірлеу, қастерлеуді  үйретуде тынбай еңбек етуге тиіспіз.

Сабағанов.Н.Т
Ұлытау ауданы ТЖБ
бас маманы өртке қарсы
қызмет аға лейтенант 


Назад